Рэй бастаған құтқарушылар- Бөлім16-Хэликстің туған күні-Балаларға арналған дамытатын мульттоптамалар HD
#Рэйбастағанқұтқарушылар#пожарнаякоманда#хэликстіңтуғанкүні Бөлім 16 - Хэликстің туған күні Топтың ақырын жүр дегеніне қарамастан Хэликс жылдам ұшуды жалғастырады. Нәтижесінде, ол ағашқа соғылып, пропеллерін сындырады. Топтың барлық мүшелері Хэликс үшін алаңдайды, ал ол болса керісінше, олар одан құтылғысы келеді деп ойлайды. Хеликс Джунның отбасымен бірге көкке шықпақ, бірақ Рэй болған оқиғадан кейін сынық пропеллерімен үйде қалғаны жөн дейді. Рэйдің бұл шешімі Хэлисктің көңілін одан бетер түсіреді. Ол енді мүлдем ешқайда ұшқысы келмейтінін айтады. Сонымен қатар, бүгін Хэликстің туған күні еді. Бұл жағдайды одан әрі қиындатады. Хэликс көңіл-күйі болмай, бөлмені айнала ұшып, Джуннің қорабына барып қонады. Сөйтсе, Рэй және оның тобы Хэликстің туған күніне тосынсый дайындап қойыпты. Қорапта су жаңа пропеллер бар екен. Хэлекс жаңа пропеллерімен достарына қайтып ұшып келеді. Ұшып келе жатып, бұзақылардың да сазайын береді. Мультпланета арнасы "Рэй бастаған құтқарушылар" атты дамытатын жаңа мульттоптаманы ұсынады. Бүкіл отбасыға арналған жарқын фантастикалық анимациялық бөлімдер! Мультоптаманың сипаттамасы: Рэй батыл жас өрт сөндіруші, тобымен бірге балаларды қорғап және жазатайым оқиғалардың алдын алады. Егер қиындықтар туындаса, Рэй және оның сенімді достары Эмби, Рэд, Бикон, Памп, Хэйзел мен Хэликс әрқашан көмектесуге дайын. Бұған қоса, үш ғарыш бұзақысы кішкентай қалашықтың бейбіт өміріне қол сұғып, қиындықтар туғызады. Бірақ Рэй мен өрт сөндірушілер жұмысқа кіріскенде, бәрі жақсылықпен аяқталады! Сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/K1Ldolrxwr8 Біздің арнаға жазылыңыздар: https://www.youtube.com/channel/UC9S_OcBD0YweWSfgnwk1hOA/
Похожие видео
Показать еще