Рэй бастаған құтқарушылар - Бөлім 22 - Ойыншық көлік - Балаларға арналған дамытатын мульттоптамалар HD
#Рэйбастағанқұтқарушылар#пожарнаякоманда#ойыншықкөлік Бөлім 22 - Ойыншық көлік Әкесі Джунға радиодан басқарылатын жаңа көлік сатып алды. Бикон Джун мен Минаның өтініші бойынша оларды кішірейтеді. Сонда олар аулаға шығып жаңа көлікпен ойнай бастайды. Ойыншық көліктің қауіпсіздік белдіктері болмағандықтан, Бикон балаларға алаңдайды. Балаларды көлікке отырмауға көндіріп жатқанда, Питон келіп қалады. Бұзақылар балаларды тез қуа бастайды, сондықтан олар да мүмкіндігінше тезірек жүруге тырысады. Қуғын кезінде көлік аударылады, балаларға үлкен қауіп төнеді. Рэйдің өрт сөндіруші тобы дер кезінде келіп, Питонның жолына тұрып, балаларды құтқарады. Эмби балаларды көлікке отырғызып, кетпек болады. Бірақ Питон балалар ештеңе көрмесін деп беттеріне ұн шашып жібереді. Сол сәтте Питон мен оның достары көлікті көкке қарай ұшырып жібереді. Балалар құлап қалуы мүмкін... Мультпланета арнасы "Рэй бастаған құтқарушылар" атты дамытатын жаңа мульттоптаманы ұсынады. Бүкіл отбасыға арналған жарқын фантастикалық анимациялық бөлімдер! Мультоптаманың сипаттамасы: Рэй батыл жас өрт сөндіруші, тобымен бірге балаларды қорғап және жазатайым оқиғалардың алдын алады. Егер қиындықтар туындаса, Рэй және оның сенімді достары Эмби, Рэд, Бикон, Памп, Хэйзел мен Хэликс әрқашан көмектесуге дайын. Бұған қоса, үш ғарыш бұзақысы кішкентай қалашықтың бейбіт өміріне қол сұғып, қиындықтар туғызады. Бірақ Рэй мен өрт сөндірушілер жұмысқа кіріскенде, бәрі жақсылықпен аяқталады! Сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/sQXM2KMV-k0 Біздің арнаға жазылыңыздар: https://www.youtube.com/channel/UC9S_OcBD0YweWSfgnwk1hOA/
Похожие видео
Показать еще