Рэй бастаған құтқарушылар - Бөлім 23 - Тайғақ жол - Балаларға арналған дамытатын мульттоптамалар HD
#Рэйбастағанқұтқарушылар#пожарнаякоманда#тайғақжол Бөлім 23 - Тайғақ жол Гастон мұзда тайғанап кетті. Мұздың өте қауіпті екенін түсініп, Питон жаңа зұлым жоспар ойластырады. Джун мен Мина қарда ойнағысы келіп, кішірейеді. Питон және оның достары Джун мен Минаға шабуыл жасайын деп күтіп тұр. Рэй Джунның көмекке шақырғанын естіп, өрт сөндірушілер аулаға асығады. Бикон зұлым жоспардың құрығына түсіп, аулада одан да көп мұз жасайды. Рэйдің тобы мұндай мұзға шыға алмайды. Жылдамдықты баяулатуға мәжбүр. Енді бәріне де қауіп төніп тұр. Осы уақытта Рэй Хэйликске барлық дрондарды жіберіп, дөңгелектерді айналдыруға бұйрық береді. Енді топ мұздың үстінде тез жүріп, бұзақыларға төтеп бере алады. Мультпланета арнасы "Рэй бастаған құтқарушылар" атты дамытатын жаңа мульттоптаманы ұсынады. Бүкіл отбасыға арналған жарқын фантастикалық анимациялық бөлімдер! Мультоптаманың сипаттамасы: Рэй батыл жас өрт сөндіруші, тобымен бірге балаларды қорғап және жазатайым оқиғалардың алдын алады. Егер қиындықтар туындаса, Рэй және оның сенімді достары Эмби, Рэд, Бикон, Памп, Хэйзел мен Хэликс әрқашан көмектесуге дайын. Бұған қоса, үш ғарыш бұзақысы кішкентай қалашықтың бейбіт өміріне қол сұғып, қиындықтар туғызады. Бірақ Рэй мен өрт сөндірушілер жұмысқа кіріскенде, бәрі жақсылықпен аяқталады! Сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/SWxPwMAfLiI Біздің арнаға жазылыңыздар: https://www.youtube.com/channel/UC9S_OcBD0YweWSfgnwk1hOA/
Похожие видео
Показать еще