Рэй бастаған құтқарушылар- Бөлім 20- Бейтаныс шабарман -Балаларға арналған дамытатын мульттоптамалар HD

13.05.2020
#Рэйбастағанқұтқарушылар#пожарнаякоманда#бейтанысшабарман Бөлім 20 - Бейтаныс шабарман Питон Рэйдің тобынан үнемі жеңілуден шаршады. Шабуылдың жаңа жоспарын ойлап отырған кезде, пошташыны байқап қалады. Аналары пошташыға есікті ашқанын көргенде, ол Мина мен Джунды үйден шығару үшін пошташы болып киінеді. Джун бейтаныс адамдарға есік ашпаймын деп есікті ашпай қояды, сөйтіп Питонның жоспары іске аспай қалады. Содан кейін Питон Мина мен Джунның көршісі Чэн болып тағы да киім ауыстырады. Бірақ бұл жоспары да жүзеге аспайды. Бірақ Питон мен оның достары Мина мен Джунға шабуыл жасайды. Рэй мен оның өрт сөндіруші тобы іске көшеді. Чэн болып киінген кезде Питон сасқалақтап қалады да, оның костюмі байқаусызда жана бастайды. Рэй мен оның тобы Чэннің костюмін сөндіру үшін, костюмді жерге қарай тастайды, сол кезде Питон мен оның достары жерге домалап түседі. Олар домалап жатқанда, өрт те сөнеді. Мультпланета арнасы "Рэй бастаған құтқарушылар" атты дамытатын жаңа мульттоптаманы ұсынады. Бүкіл отбасыға арналған жарқын фантастикалық анимациялық бөлімдер! Мультоптаманың сипаттамасы: Рэй батыл жас өрт сөндіруші, тобымен бірге балаларды қорғап және жазатайым оқиғалардың алдын алады. Егер қиындықтар туындаса, Рэй және оның сенімді достары Эмби, Рэд, Бикон, Памп, Хэйзел мен Хэликс әрқашан көмектесуге дайын. Бұған қоса, үш ғарыш бұзақысы кішкентай қалашықтың бейбіт өміріне қол сұғып, қиындықтар туғызады. Бірақ Рэй мен өрт сөндірушілер жұмысқа кіріскенде, бәрі жақсылықпен аяқталады! Сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/mUrWsZcDXjw Біздің арнаға жазылыңыздар: https://www.youtube.com/channel/UC9S_OcBD0YweWSfgnwk1hOA/

Похожие видео

Показать еще