«Астана» командасы Еурокубок додасының плей-офф кезеңіне шықты HD
Кешегі сәрсенбі қазақ футболына расында да сәтті болды. Дәлірек айтсақ, елордалық клуб өзінің тарихында тұңғыш рет УЕФА чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды.Қарағандылық Шахтерден кейін мұндай мүмкіндікті мүлт жібермеген Астана командасы үшінші іріктеу кезіңінде Финляндияның мықтысы «ХИК» командасын 4:3 есебімен ұтып, жанкүйерлердің көңілін бір көтеріп тастады. «Астана-аренаға» жиналған жанкүйерлер жеті бірдей голға куә болып, тамаша футбол спектакльін көрді. Матч қонақтар үшін сәтті басталған. Небәрі 4-ші минутта Осман Жаллау есеп ашып, өз командасын алға жетеледі. «Астана» футболшылары қарымта қайтаруға ұмтылды. Алайда алғашқы минуттарда алаң иелерінің ойыны жүрмеді. Тіпті қорғаныста өрескел қателік жіберіп, екінші голды өткізіп алды. Бұл жолы Гидеон Баах мүмкіндікті мүлт жібермеді. «Астаналықтардың» жабырқаған көңіл-күйін қарсылас команданың қақпашысы көтерді. «ХИК» қақпасын күзеткен Даниэль Эрлунн өз командасының жеңісіне сенімді болған секілді. 44-ші минутта Патрик Твумасидің алыстан тепкен добын ұстап тұрып, қақпасына жіберіп алды. Күтпеген сыйдан «Астана» күшейе түсті. Абзал Бейсебеков, «Астана» ФК футболшысы -Қорқыныш болған жоқ, бір гол жіберіп қойғаннан кейін балалар одан бетер күш ала бастадық ойынға. Қызық екінші таймда басталды. Келесі кезеңге шығу үшін «Астанаға» кем дегенде екі доп соғу керек еді. Станимир Стойлов шәкірттері бірден іске кірісті. Алдымен Рохер Каньяс пенальти тебуге мүмкіндік алып, таразы басын теңестірді. Араға он минут салып Дмитрий Шомко белсенділік танытты. Сол қапталған жаңа шабуылды бастаған ойыншы алғы шептегі әріптестеріне пас асырған. Алайда доп қақпадан бірақ шықты. Жергілікті жанкүйерлердің қуанышы ұзаққа созылмады. 71-ші минутта Патрик Твумаси алаңнан қуылып, «Астана» футболшылары азшылықта қалды. Кездесу аяқталуға бес минут қалғанда Эрфан Зенели пенальтиден есепті теңестіріп, жиырма бес мың көрерменнің қуанышын су сепкендей қылды. Абзал Бейсебеков, «Астана» ФК футболшысы -Қанша жылдан бері басымызға тиген ғой. Соңғы минуттарда жіберіп қоямыз. Соның әсерінен ойладық енді бізге пенальти салған кезде сол қайталана ма деп ойладық. Сонда да соңына дейін ойнап, соңғы минутта біз жеңіске жеттік. Сәрсенбінің кешінде сәттілік «Астанаға» жолдас болды. Төреші қосқан төрт минуттың соңғы секундтары сырғып жатқанда Евгений Постников қаһармандық танытты. Жеңіс голын соққан футболшы елордалық команданы Еурокубок додасының плей-офф кезеңіне алып шықты. «Астананың» келесі қарсыласы ертең белгілі болады. Авторлары: Қанат Базылхан, Айдос Меделбеков