Астанадағы мемлекеттік балабақшалардың бірінен шу шықты
Астанадағы мемлекеттік балабақшалардың бірінен шу шықты. Сәбилер тәрбиелейтін мекеменің педагогы құрт ауруының ашық түрімен ауырып, жаңа жылдан бері жансақтау бөлімінде жатыр. Ең сорақысы, балабақшада бар-жоғы төрт-ақ ай сабақ берген мұғалімнің бұл дертті қашан жұқтырғаны белгісіз. Осы оқиғадан кейін аяғынан тік тұрған елордалық дәрігерлер қазір балалар мен өзге қызметкерлерді жаппай тексеруден өткізіп жатыр. Карантинге жабылмаған балабақшада құзырлы органдар жұмыс істеп, науқас маманның жұмысқа қалай алынғанын анықтау үстінде... Астананың аязында жылы жерде алаңсыз ойнауы тиіс бұл сәбилерді тәрбиешілер автобус жалдап, емханаға әкелді. Өйткені, осы балалар тәрбиеленіп жатқан нөмірі 40-шы балабақшаның мұғалімі құрт ауруына шалдығып, ауруханада жатыр. Ата-аналардың шағымымен автобустың артынан аңдып келген түсіру тобына тәрбиешілердің туберкулез туралы тіс жарғысы жоқ... -Cебебін түсіндіріңізші не үшін алып келдіңіздер? Сіздерден туберкулез ауруы шықты сол үшін ғой... Есесіне, емхана дәрігерлері балабақшадан құрт ауруы шыққанын бірден растады. Балаларды топырлатып емханаға әкеліп кеуделерін рентгенге түсіріп, туберкулезге қарсы тексеру жүргізіп жатқандарын айтты... ЖАНАР ҚҰСАЙЫНОВА, Астана қ. №2 емхана бас дәрігерінің орынбасары: -Это на основании 33 приказа мы должны обследовать всех детей. Ввиде исключение как контактных. Ақ халаттылардың айтуынша, балабақша мұғалімі желтоқсан айында тамағы ауырып ауруханаға түскен. Тексеру кезінде педагогтың туберкулездің ашық түріне шалдыққаны анықталыпты. Қазір науқас туберкулез диспансерінде ем алып жатыр. Ал қауіпті дертті бүлдіршіндер мен өзге қызметкерлердің қаншасы жұқтырғаны белгісіз...
Похожие видео
Показать еще