Мемлекеттік БАҚ-қа бөлінетін ақша | Блогер жауапқа тартыла ма? | Журналистің жағдайы: Үй, Жалақы HD

03.06.2022
#НартайАралбайұлы #АсқарОмаров #НартайНьюс Спикер: Асқар Қуанышұлы Омаров - Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі. 00:00 Басы 01:15 Таныстыру 01:22 5 маусымда референдум өтеді. Тым жедел емес пе? Қаңтар оқиғасынан соң ғана жасалып жатқан шаруа ма бұл? 02:40 Қаңтардағы сұхбатында Президент "Біз ақпараттық тұрғыдан жеңілдік. Мұны мойындау керек. Ешкім менің бұйрығымды, іс-әрекетімді ұғынықты етіп түсіндірмеді"- деді. Бұл министрлік пен мемлекеттік БАҚ-қа қарата айтылған сын ғой. Нақты қай тұстан ағаттық жібердіңіздер? 04:44 Кімнен жеңілдік қаңтарда? 05:55 Қаңтарда интернет блокталды. Соны кім жасайды? 06:36 Мемлекеттік БАҚ мемлекеттің ақпараттық саясатын жүргізеді. Олар осы функцияны қаншалықты сәтті орындап жатыр? Халық көбіне интернетке сеніп кеткен жоқ па? 11:00 Фейкті қалай жеңеміз? 12:53 Қазақстандықтардың ақпараттық гигиенасы қанша пайыз? 14:51 Интернет теледидарды, газетті, радионы басып озды ма? 16:55 Мемлекеттік БАҚ-та шындық айтылмайды, олар тек билікке жағатын позицияны ұстанады деген елдің пікіріне келісесіз бе? 18:31 Хайпакратия!!! 19:54 Халық Нұрсұлтан Назарбаев пен оның туысқандары қанша ақшаны жеп кетті дегенді мемлекеттік БАҚ-тан көргісі келеді. Бұл мүмкін бе? 20:37 Мемлекеттік БАҚ-қа бюджеттен қанша ақша бөлінеді? 23:20 50 миллиард теңгені Қазақстандағы неше телеарна бөліп алады? 23:38 БАҚ-қа берілген ақшаны министрлік бақылай ма? 24:33 Телевизиядағы ақшаның біраз бөлігін аутсорсингтер алады. Өкінішке орай, жоба жасайтын тапсырыстарды телеарна басшыларының таныстары алады деген сын бар. Мұны министрлік бақылай ма? 26:01 БАҚ қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын қалай көтеруге болады? Бұл туралы өткен аптада Сенатта Нұртөре Жүсіп те айтты. Жалақыны өсіріп, журналистерге арнап үй кезегін жасаса бола ма? 28:32 "Мен журналист болып жұмыс істедім. Бірақ менде журналистік диплом жоқ! Мамандығым экономист". 30:50 Президент "БАҚ туралы заңды қайта қарастыру керек" деді. Мемлекет басшысына осындай ұсынысты сіз бердіңіз ме? 31:57 Блогерлерді журналист ретінде тіркеп, оларды да Заң алдында жауап беруге міндеттеу керек пе? 34:38 Журналист болу үшін Журналистика факультетін тәмамдау керек пе? 35:47 Блогерлерге шенеуніктер пара береді деген ақпарат бар, "бізге тиіспе" деп. Тіпті интернеттегі белсенділер адамдарды бопсалайды деген сөздер бар. Министрлікте осындай ақпарат бар ма? 37:07 Кибербуллинг туралы Заң қоғамда үлкен резонанс туғызды. Заң жобасының алғашқы нұсқасы кері қайтарылып әбден өзгерді. Бұған не себеп? Елге дұрыстап жеткізе алмадыңыздар ма? 41:13 Кибербуллингті анықтау үшін арнайы комиссия құрылатын болды. Оның құрамына кімдер кіреді? Мүшелерін кім таңдап алады? 43:11 Кибербуллингке тап болған адам енді қайда барып арыз жазады? 44:05 Телевизиядағы бір әділетсіздік бұл - рейтинг. Қазақстандағы рейтингті Гэллап Медиа жасайды. Бір өзі монополист болып алған. Оған себеп аталған компанияның артында Дариға Назарбаеваның тұрғаны дейді. Бұл рас ақпарат па? 45:19 Қазақстандағы телеарналардың рейтингін енді қа

Похожие видео

Показать еще