Жаңа, жас министрдің елдегі қуаңшылықпен күресуге шамасы жетпей жатыр ма? HD

12.08.2021
Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев Маңғыстау мен Қызылорда облысындағы құрғақшылықтың болатыны белгілі болды дейді. Қуаңшылыққа дайын болмағандарын да растап отыр. Министрдің міндетін атқарып отырған Ербол Қарашөкеев Қызылордадағы жағдай тұрақталғанын айтады, ал Маңғыстаудағы қиындықты жасыра алмады. Министрлік қыруар қаражат бөліп жатса да шаруалар әлі де үкіметтен үміт күтіп отыр. Өйткені, жем мен шөптің бағасы қымбат дейді шаруалар. Қызылорда мен Маңғыстау облыстарындағы қуаңшылық мәселесіне байланысты министрлікте жедел штаб құрылған. Мұны Ауыл шаруашылық министрінің міндетін атқарып отырған Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. Оның айтуынша, екі өңірдегі бұрын-соңды болмаған құрғақшылық әлемдік жылынудың салдарынан. Оның сөзінше, Қызылорда облысының Арал ауданындағы жағдай тұрақталған, ал Маңғыстау облысындағы шаруалардың жағдайы әлі де қиын. Алайда, батыстағы қуаңшылықты бақылауымызда отырмыз деді ол. ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ, ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы: – Қазіргідей құрғақшылық апаты болатыны белгілі еді. Соған орай оқиғаның даму сценарийін біле тұра, дайындалу керек еді.Бұған дайын болмағанымыздың нәтижесі осы жылдағы жағдай көрсетті. Қазір Қызылордада жағдай тұрақталды, ал Маңғыстау облысындағы жағдай қиын. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше Қызылорда облысында қуаңшылықтың салдарынан 550-ден астам мал қырылған. Ал Маңғыстау облысында 1161 төрт түлік шығыны бар. Өткен айда Қызылорда облысындағы құрғақшылыққа байланысты төтенше жағдай жарияланды. Жағдайы Қызылордадан да мүшкіл болып тұрған Маңғыстау облысында әлі күнге дейін төтенше жағдай жоқ. Министрлік миллиардтап қаражат бөліп жатса да олардың көмегі шаруалар қиындықтан көз ашпай отыр. БЕРДІХАН ӘЛМЕНОВ, шаруа: – Шаруа басына беріп жатқаны 30 мешок. 30 мешок 10 күнге жетеді. Тостақандап салғанда бүйтіп. Одан көп сала алмаймыз, картон араластырамыз, опилка араластырамыз, сосын арпасын кішкене қосамыз бетіне. Кебек сірә жоқ. Кебекті алу қиын болып кетті. 2300-2400 теңге 20 киллограмдық кебек. Бұл бізге қиындау болып тұр. Шама келсе үкіметтен көмек болса деймін тағы да. Тағайындалғанына енді бір ай болған министр брифингте журналистердің сұрағына нақты жауап бере алмады. Көп журналисті баспасөз хатшысына немесе облыстың әкімдігіне сілтеп отырды. Десе де үкімет тарапынан бөлініп жатқан қаражат Маңғыстау облысындағы құрғақшылықпен күресуге жетеді деген пікір білдірді. Махаббат Нұржанқызы, Сұңғат Есенов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #қуаңшылық #Маңғыстау #құрғақшылық

Похожие видео

Показать еще