Арыстанбек Мұхамедиұлы қолының тамырын кесіп, өзіне қол жұмсады деген мәлімет жалған боп шықты HD

16.05.2022
"Алтын адамды" әлемге көрсету үшін көрме ұйымдастырған Ұлттық музей басшылығын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тексеріп жатыр. Нақтырақ айтсақ, көрмеге деп қарастылған 1 миллиард 200 миллион теңгенің 146 миллион теңгесін жымқырды деген күдікке ілінген. Бұл іске мені де араластырып отыр деген бұрынғы мәдениет министрі, қазіргі музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы халыққа үндеу айтып, Президенттен араша түсуін сұрады. Мұхамедиұлы қазір қайда, оның үстінен арыз жазған актер Тұңғышбай Жаманқұлов нені дәлелдегісі келеді? Әйгерім Ердәулеттің материалында. 23 минуттық видеоүндеуінде өзінің қызметі мен атқарған жұмысын жіпке тізіп шыққан Арыстанбек Мұхамедиұлы, үстімнен арыз жазып кек алып жатқан актер Тұңғышбай Жаманқұлов дейді. Өйткені, бірнеше жыл бұрын «Феникс» киножобасы бойынша бюджет қаржысын жымқырды деген іске тікелей Жаманқұловтың да қатысы болғанын ашық айыптағаным үшін жақпай қалғанмын деп отыр. Енді президенттен араша сұрайды. АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан республикасының ұлттық музейі» РМҚК директоры: – Шындық қай жақта екені ол белгілі болады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Тұңғышбай Жаманқұлов менің үстімнен арыздарды жазып жатыр. Өздеріңіз білесіздер видеофильм шықты. Осындай дүниелер бар деп. Оның бәрі де бірнеше рет тексерістен өтті. Ешқандай заң бұзушылық болған емес. Тұңғышбай Жаманқұлов, мақсатым кек қайтару емес, қолымда Мұхамедиұлына қатысты нақты дәлелдерім бар дейді. ТҰҢҒЫШБАЙ ЖАМАНҚҰЛОВ, театр және кино актері: – 1 миллиард 300 миллион теңге алған 20 жылы. Алтын адамды бүкіл дүниежүзіне шеру жасатуға. Ал енді сол жылы пандемия болды, ешқандай жүруге мүмкіндік болмады. Сонда ол қалай болғаны. Менің қорлымда құжаттарым бар, нақты дәлелімен. Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Ұлттық музейдің бұл көрмені өткізуге жұмсаған шығынын тексеріп жатыр. Айта кетейік, ол тендерді «Экспонат» компаниясы ұтып алған. АРМАН ТІЛЕУКЕНОВ, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі: – «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Шарттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрайды. Тергеу сотының санкциясымен қазіргі уақытта тінту, сондай-ақ куәлардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеп-тексеру басталды дегеннен кейін Арыстанбек Мұхамедиұлының қолының тамырын кесіп, өз-өзіне қол жұмсады деген мәлімет тарады. Ал Мұхамедиұлының көмекшісі, ол ақпаратты жоққа шығарғанымен, ауруханада жатқанын растады. АЙДАР ҚЫРЫҚБАЕВ, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан республикасының ұлттық музейі» РМҚК баспасөз өкілі: – 2022 жылдың ақпан айынан бастап Ұлттық музейді счетный комитет, антикор тексеруді бастаған болатын. Бұл жерде енді басшылық құрам болғандықтан бұрынғы директорлар да кіреді, зам директорлар да кіреді. Ал енді суицид жасап, больницаға түсті деген ақпарат шындыққа

Похожие видео

Показать еще