Айзаданы ұрлаған адам өлер алдында аудиохабарлама қалдырды HD
Бішкектегі көшелердің бірінен ұрланған 27 жастағы Айзада Қанатбекова өлі табылған болатын. Бішкек қалалық ішкі істер басқармасы хабарлағандай, оны алып қашты деп күдіктелген 31 жастағы ер адам қызды өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсап, жанын қиған. Әлеуметтік желілерде үш ер адам көшеден бір қызды күшпен көлікке салып кеткені түсірілген видео тараған еді. Айзада Қанатбекованың өліміне күдікті Замирбек Теңізбаев өлер алдында туыстарына аудиохабарлама жіберген. Жазба вечерний бишкек инстаграм парақшасында жарияланған. Оны өте қатты жақсы көремін және онсыз өмір сүре алмаймын. Қанша өтінсем де ол менімен тұрғысы келмейді. "Бір ай күт" деді, күттім. Содан кейін тағы бір ай. Бірақ қазір бәрі бітті. Енді сенбеймін, - дейді ол. Аудио "ұрлау" әрекеті болғаннан кейін 5 сәуірде жазылуы мүмкін. Замирбек хабарламаны ағасы мен анасына жіберген. Аудиохабарламада Айзаданың дауысы да естіледі. - Сенен күте тұруды өтіндім ғой, - дейді ол. Сонымен қатар, Замирбек соңғы күндері қарым-қатынастары қиындап кеткенін мойындаған. Ер адам бірнеше рет кешірім сұрайды. - Ұлыңыздың осындай болғаны үшін кешіріңізші, - дейді ол.