Ринат Зайытов: Алла жарылқасын Мейрамбек ағама қатты риза болдым

15.05.2022
Жазылып кетіңіздер: Телеграм каналымыз: https://t.me/show_biznes_kz Инстаграм каналымыз: https://www.instagram.com/show_bizneskz/ Айтыскер ақын, қоғам қайраткері Ринат Зайытов "Адырна" сайтына сұхбат беріп, өзін мазалаған мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті. Назарларыңызға сұхбаттың жалғасын ұсынамыз (Басы). "Адырна" сайтының егер мәдениет саласын басқарсаңыз, қандай өзгерістер енгізесіз деген сауалына Ринат Зайытов: "Әншілерге лицензия беруден бастаймын. Қазақтың нанын жеп отырған кез-келген әншінің әуелі хақысы болу керек. Ұлтқа қызмет ету, мәдениетке қызмет ету дегеніміз ол екі ән жаздырып тойға шығу емес. Біздің кезіндегі өнер адамдары қандай болды? Қазақстанның бес облысы кетіп бара жатқанда, Димаш ағамыз Жұмекен Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқовқа нұсқау беріп, "Менің елім, менің жерім" деген ән жазыңдар деді. "Мынау жер қазақтыкы деген құлақтарына сіңсін" деп айтты. Міне саяси науқан болып жатыр, қайда қазақтың өнерпаздары?! Түк болмағандай отырады, біреуі қозғалмайды. Ертең біз ұрпақ алдында жауап береміз, сондықтан тірімізде бетімізге, өлгенде көрімізге түкірмеу үшін атсалысу керек. Ақшасы көп жерге емес, ауылды жерге барып өнер көрсету керек. Және оған мемлекет те жағдай жасау керек. Қазір Республика сарайын жалға алу кем дегенде 5-7 млн ақша керек. Дыбыс, жарығын айтпағанда. Қаншама әншілер жүр, концерттерін қоя алмай. Қарапайым Алатау дәстүрлі-өнер театрында концерт қоюдың өзі 1 млн теңге. Домбырасын арқалап жүрген Ерлан Рысқали, Еркін Шүкмән қайдан алады ондай ақшаны?" деп жауап берді. "Атағы шыққан әншінің үстіне костюм шалбар кигізіп, "Мақтанышым - Елбасым" деп ән айтқызып қою - ол біздің биліктің қолынан келеді. Мен ешқандай да креслоға ұмытылып отырған жоқпын, кез-келген адам осы қызметке келгенде халыққа, мемлекетке қызмет ету керек, содан кейін өз қажеттілігін өтеу керек, - деген сенімде Зайытов. - Шетелдік әншілер билік алдында пікірін білдіруге қорықпайды, екі сөзінің бірі боқтаудан тұратын Эминем елі үшіншырылдағанда, бізде отаным, жерім деп өлең шығарып отырған адамдар бейжай қарап отыр. Мейрамбек ағамыз бір күнге болсын пікірін білдірді, Алла разы болсын, ол кісіге ризамын, "Нұр Отанға" күштеп қоспаңдар" деді. Бірақ осы сөзі біздің адамдарға қаншама рух берді", - дейді айтыскер ақын. Сілтеме: http://stan.kz/rinat-317087/?fbclid=IwAR0wwufKcMjUggBe8N9XvJm7ttknjufq4cs6mVoobb4HDIQJPrS51gumH_4 шоу бизнес казахстан, шоу-бизнес, жұлдыздар, qazaqstan, шоу бизнес жулдыз, жулдыздар купиялары, жулдыздар ойбай шоу, мухит сапарбаев, шоу бизнес интрига, новости шоу бизнеса, последние новости шоу бизнеса, новости шоу бизнеса сегодня

Похожие видео

Показать еще