МЕШІТТЕР ЖАЙЛЫ HD
«Шын мәнінде мешіттер Аллаға тән, ендіше Алламен бірге ешкімді шақырмаңдар» «Жын сүресі 18-аят). Мешіт араптың «әлмасжид» сөзінен шығып, басты жерге, сәждеге қоятын орын дегенді білдіреді. Яғни Аллаға құлшылық жасау орыны. Сәжде мұсылман үшін Алланың алдындағы ең жоғарғы орын болып саналады. Хадисте: «Мұсылмандар үшін қабірстан мен монша, әжетханадан тыс бүкіл жер жүзі - мешіт» деген. Абай Құнанбайұлы: «Сәжделердің әуелгісі жерден жаралғанына ықрары, екіншісі – және жерге қайтпағына ықрары, бас көтермек және тіріліп, сұрау бермегіне ықрарының ишареті» деген. Ал Мустафа Адаш: «Екі сәжде мұсылманның құлшылығындағы екі куәсі іспетті» дейді. Мешіт мұсылмандықта ерекше орын алады. Ол Аллаға құлшылық жасайтын орын болғандықтан, әркімге ықласы, мұқтаждығымен келуіне жол ашық. Мешітте парыз, уәжіп, сүннет пен мустахаб намаздар оқылады. Алла Тағалаға барша дұға–тілектер, мінажат–тасбихтер айтылып, Құран Хатым оқылады. Бүгінгі күні жер жаһанның кез-келген бұрышында мешіттер бар. Ал мешіті жоқ жерді табу қиынға соғар. Мешітердің дүниеге кең тарағандығын аңғарту үшін мынадай ерекшеліктеріне ел назары аударылуда: 1. Ең қасиетті үш мешіт (Әл-Харам, Пайғамбар мешіті, Әл-Ақса); 2. Қос қыбылалы мешіт; 3. Ең көп халық сиятын мешіт; 4. Ең биік мешіт; 5. Поляр шеңберінде орналасқан мешіт; 6. Америка құрылығында салынған алғашқы мешіт; 7. Зілзалаға төтеп берген мешіт; 8. ТМД елдеріндегі ең үлкен мешіт т.б. Әр елдің мешіт салуда өзіндік сәулеттік ерекшеліктері бар. Дейтұрғанмен бәріне бірдей ортақ тұстары да көп. Мешіттер көбіне өздерінің биік мұнарасы, көгілдір күмбезі, жарты айымен әйгілі. Мешіт ғимараттарының қатаң ұстанатын бағыттары, қыбыла тарапын білдіретін михрабтары бар. Құранда: «Енді жүзіңді Масжид харам жаққа бұр» (Бақара, 144) деген сөз бар. Мешіттерде әйелдерге арналған бөлмелер мен жеке есіктер болады. Құран оқитын, неке қиятын залдары бар. Балалар мен үлкендер ислам мәдениеті мен ілімін үйренетін медреселерде сауат ашады. Қайрымдылық асханаларында көпшілік тамақтанады. Рамазан айында ер адамдар иғтикаф (оқшаулану) жасайды. Мешіт халықтың игілігі үшін арналған құтты мекен болып табылады. Хадисте: «Мүмин мешіт ішінде судағы балыққа ұқсайды, ал мунафиқ тордағы құсқа ұқсайды» делінген. Хазрет Омар (Оған Алланың сәлемі болсын) риуаят етеді: «Мешіттер Алланың жердегі үйлері, Алланы зиярат етушілер - намаз оқушылар. Қонақ күтуші меймандарға құрмет көрсетеді (мол әжр – сауап береді)». Мешіттердің шығу тарихынан Жер бетіндегі ең алғашқы адамның ғибадат орны Алланың үйі Меккедегі «қағба» болды. Қағбаны алғаш салған Адам (Оған Алланың сәлемі болсын) ата еді. Келесі ғимараттың құрылысымен шұғылданған Ибраһим (Оған Алланың сәлемі болсын) мен ұлы Ысмайл болды. Пайғамбарымыздың заманында да қайта салынды. Негізінен мешіттер қазіргі сәулетті көркем бейнесіне бірден келе қойған жоқ. Хазірет пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға көшіп келгенде түйесі алғаш шөккен жер Нажжар әулетінен Саһил мен Суһаил атты екі жетімнің
Похожие видео
Показать еще