Негіз жоқ! Несиеге рақымшылық берілмейтін болды HD
Несиеге рақымшылық берілмейді. Несие үшін амнистия берілетін заң да жоқ, оған негіз де жоқ. Алайда, кредитті кешіруді талап етіп, наразылыққа шыққан азаматтардан 18 мың өтініш қабылдадық деген Қаржы нарығын реттеу агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова барлық өтінішті банктер мен микроқаржылық компанияларға жібердік деп отыр. Айта кетейік, бір апта бұрын жүздеген адам "қара тізімге енген несиелерге рақымшылық берілсін" деп наразылыққа шықты. Әбілқасымова соның кесірінен көпшілік дүрлігіп кетті деп отыр. Рақымшылық жасалмағанымен, агенттік төрайымы қазір қолданыстағы заң бойынша несиесін уақытылы төлей алмаған азаматтардың банк өтінішін қабылдап, несиені жаба алатындай мүмкіндік беруге міндетті екенін айтты. Әуелі азаматтың төлем қабілеті анықталады. Қаржылық жағдайының төмен екендігі дәлелденсе банк несиені кейін төлеуге немесе пайыздық мөлшерлемесін азайтуға, бөліп төлетуге, болмаса өсімпұлын азайтып беруі шарт. Мадина Әбілқасымова проблемалық несиеге рақымшылық жасау үшін өзге азаматтардың салығын пайдалану керек, ал екінші деңгейлі банктер бір азаматтың несиесін басқаның салығы арқылы жаба алмайтынын айтты. МӘДИНА ӘБІЛҚАСЫМОВА ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрайымы: – Кабинеттерге кіргізіп қабылдау өткіздік. Бұл тек қана үш күн бұрын емес, одан да бұрын бірнеше апта бойы адамдар келіп жатқан. Осы Мамай бір ай бұрын осындай дұрыс мәлімет брген жоқ, содан кейін қайтадан осындай недоставеренную информацию он снова предоставил! Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #рақымшылық #несие #ҰлттықБанк