Жайсан ғұрыптық кешені. Ақтөбе(Баласағұн) қалашығы. HD

10.11.2019
Жайсан ғұрыптық кешені Сонау ерте заманнан бері ұлан-байтақ қазақ жері бүкіл Еуразия кеңістігінің мәдени мәйегі, рухани түп қазығы болып келеді. Содан бері мыңдаған жылдар өтсе де олардың тұрғызған қалалары, соққан бұйымдары тағы басқа да дүниелері біздің күнімізге дейін жетіп, ұлтымыздың мақтанышына айналуда. Атап айтқанда, тарихтан белгілі Шу өңірін Х-ХІІІ ғасырларда Батыс Түрік қағанатының негізін салушы түркі тайпалары мекендеген. Содан бергі қаншама жылдар өтсе де бабаларымыздың бүгінгі ұрпаққа қалдырған мұрасы сол дәуірдің тарихи оқиғаларының куәсі ретінде ашық аспан аясында тұр. Батыс Түрік қағанатының тарихи ескерткіштері аудан аумағындағы Жайсан, Теректі тауарларында шоғырланған. Бұл өңірлердегі тарихи жәдігерлерді зерттеу 2001 жылдан басталды. Жайсан мемориалды кешендері ұзақ уақыт бойы Ә.Х.Марғұлан атындағы археология Институтының археологиялық экспедисымен тарих ғылымдарының кандидаты Досымбаева Айман Медеубайқызы басшылығында зеттеліп келе жатыр. Зерттеушінің өзіндік қолтаңбасымен 20 жыл бойы түркі ескерткіштері зерттеліп, жұмыстың негізгі бағыты кешенді түрде қазылған ескерткіштерді реконструкциялауға бағытталған. Жайсан тауындағы сегіз жылдық жұмыс барысында түркі дәуірінің жиырма тоғыз ғұрыптық кешені табылып, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Аталған ескерткіштер қалпына келтіріліп, оларға төл құжаттар жасалынды. Бүгінде Жайсан ғибадатханасы ескерткіштеріне тиісті жазуларымен қорғау тақталары орнатылған. Жайсан мемориалды кешендері еліміздің ғана емес шет елдік ғалымдарды да өзінің бойындағы құпияларымен өзіне тартуда. Ақтөбе(Баласағұн) қалашығы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 27-бабы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы №279 қаулысымен Шу ауданы, Ақсу ауылы маңында орналасқан Ақтөбе (Баласағұн) қалашығы (VII-XIIIғ.ғ.) - Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған. Аудан аумағындағы Ақтөбе (Баласағұн) қалашығын 1974 жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың кафедра меңгерушісі, тарихшы, этнолог, археолог, ғалым У.Шәлекенов және оның шәкірттері ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Жыл сайын аталмыш жоғары оқу орнының білімгерлері Ақтөбе (Баласағұн) қалашығы орнында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиямен бірігіп, 2013 жылы аудан аумағындағы Ақтөбе (Баласағұн) қалашығы ЮНЕСКО-ның «Бүкіләлемдік Мәдени мұра» 2014 жылы 25 маусымда тізбесіне алынды. Қалашық орнын қазу барысында түрлі қыш ыдыстар, өте сирек кездесетін қола шығарғандар, тұлғалар, көмбелер табылған. Сондай-ақ, мыс жәнекерамикалық бұйымдардың бай қоры жиналып, таразы мен екі темір қазан аршылып алынған. Ең құндысы- Қарахан дәуіріне жататын 5 мың дана мыс теңгелері олжалы қазына деуге де болады. Теңгелермен қатар кішкентай мыс таразылар, м

Похожие видео

Показать еще