АЯЖАН ЕДІЛОВА ЕЛДІҢ БӘРІН ЖЫЛАТТЫ/ҚАЗАҚ ЖІГІТТЕРІНЕ ҚАТТЫ АЙТТЫ! HD
Аяжанның жағдайы алты алаштың барлығын толғандырып өтті. Ешкімнің де басына бере көрмесін. Қаншама қаракөздеріміз тәні талғажау,ары қанталапайға түсіп жатыр. Қаншамасы тағдырынан баз кешіп көше аралап кетті, қаншасы өз өміріне қол жұмсады, қаншама аборт жасалды. Зорланып жатыр, қорланып жатыр, жылдан жылға үдеуде! Ей қазақ жігіттері! Осының барлығына мұрындық болып отырған өзіміз! Тана көзін сүзбесе деп тұрып өзімізді өзіміз ақтап аламыз, ана қызды бүйттім мынауын сүйттім деп өзімізді тағы да мақтап аламыз. Өзіміз өзегінен теуіп, арына қара дақ түсіріп,тұнығын лайлап жатқаннан соң өзге ұлттың жігіттеріне не үшін өкпелеуіміз керек? Қазақ қыздары, қазақа жігіттерінен басқа кімге арқа сүйемек? Қыздың ары ұлттың ары, қыз бұзылса ұлт бұзылады деген аталарымыздың бәтуалы сөзіне тоқталып әрбіріміз аға мен інідей болып, әпкелеріміз бен қарындастарымыздың арын күзетейік, жүрісін түзетейік қорған болайық. Сейфулинаның бойын жағалағанша, қаракөздердің арын қадағалайық қазақ жігіттері! Қаракөздің барлығы қарындасың, Қанжүрегің осылай қабылдасын деген әсерлі өлеңімнің майын тамызып тұрып оқыған қарындасымыздың мынау бір сөздеріне ұйымайтын қазақ жоқ шығар Бағжан Бақбергенұлы
Похожие видео
Показать еще