КАЛЬМАР ОЙЫНЫНА ДЕЙІН ҚУЫРШАҚТЫҢ СЕНІ ӨЛТІРУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕ ! / Кино Әлемі / Кино Шолу кз / Кино Айту HD

20.06.2022
#киноәлемі #киношолу #казакшакино Кино Әлемі / Кино Шолу / Кыска шолу Фильм: Страшная Воля Богов (2014) Сәлем достар, Кино Әлемі арнасына қош келдіңіздер! Лайк басып арнаға тіркелген жандарға алғысымды білдіремін. Фильмнің басында Шунь, Амайя және Ичика есімді 3 студент көрсетіледі. Өмір қызықсыз деп Құдайға шағым айтқан дауыстар естіледі. Колледждегі сыныптың іші. Дарума атты қуыршақ оқушыларды ойын ойнауға мәжбүрлейді. Ойын ережесі бойынша қуыршақ әндетіп, бері қарап қалғанда біреу жыбырласа оны өлтіреді және қызыл шарға айналдырып жібереді. Олардың саны бірте-бірте азая береді. Екі бала есікті ашып, қашып кетпекші болады. Бірақ есік құлыптаулы. Зұлым қуыршақ екеуін бірден өлтіреді. Ойыншы баланың бірі қуыршақтың артындағы жазуды оқиды. Онда егер ойыншықтың артындағы батырманы басса ойын аяқталады делінген екен. Жігіт дөңгелекті басайын деп жатқанында қуыршақ айналып үлгеріп, оны да қапы қалдырды. Шунь таймердің бар екенін байқайды. Өте аз уақыт қалған. Осыны естіген басқа студенттер сөндіруге әрекет жасайды. Өкінішке орай, амалдары сәтсіз болады. Ең соңында Шунь мен тағы бір бала қалып, қалғандары қызыл шарға айналады. Домалақ шарлардан сүрінбей өту енді қиынға соқты. Уақыт азайып жаны қысылған екінші ойыншыға идея келді. Ол Шуньға өзінің арқасынан аттап өтіп, ойыншықты сөндіруді ұсынады. Шунь тезірек іске көшіп, батырманы басып үлгереді. Тірі қалғандар қуанып жатқанда қуыршақ сыныптасын атып, жалғыз жеңімпаз ретінде Шуньды қалдырады. Осыдан соң фильм өткенге қайта оралады. Шуньның қарапайым өмірі. Ол видео ойындар ойнап, арасында каналдарды ауыстырып отыр. Мектептегі досы Ичиканы кездесуге шақыруға кеңес береді. Ичика – мектептегі ойынқұмар оқушы қыздың бірі. Шуньнің Ичикаға ешқандай сезімі жоқ. Оны дос ретінде көретінін айтады. Барлығы сыныпқа келе жатқанда алдарынан Амайя атты мектептің бұзығы шығады. Сабақ үстінде ұйқтап кеткен Шунь қатты дыбыстан оянып кетеді. Сол сәтте мұғалімнің басы жарылып кетіп, орнына Дарума пайда болған екен. Киноның басындағы оқиға осы жерден жалғасады. Қорыққан Шунь Құдайдан өзінің бұрынғы қызықсыз өміріне қайта оралуын сұрайды. Шуньның сыныбына келген Ичика оның түрін көріп шошып кетеді. Олар полиция шақыруға тырысқанымен, сигналды таба алмайды. Содан соң, мектептен қашуға оқталады. Бірақ, барлық жер жабық. Не істерін білмей дал болған екеуі баскетбол алаңына жүгіреді. Бір қызығы мұнда бірнеше оқушы тышқан киімінде жүр екен. Мектеп Президенті жаңадан келген екеуіне тышқанның костюмін киюді бұйырады. Осы кезде еден ашылып, астынан алпауыт мысықтың мүсіні шыға келеді. Таудай мысық бұларды бірінен-соң бірін жей бастайды. Шунь таймері бар домалақ нәрсені көріп қалады. Ақылды бала ойынды тоқтату үшін шарды мысықтың мойнындағы себетке кіргізу керек деп айқайлайды. Мектептегі үздік баскетболшы допты дереу себетке лақтырады. Алайда мысық оны қағып алады да, баланы сол бойда быт-шыт қылады. Шуньның байқауынша, дәу мысық тек тышқан костюмін кигендерге шабуыл жасап жатыр. Сөйтіп, барлығына киімдерді шешіп тастау қа

Похожие видео

Показать еще