Оралда әскери ант бергеніне 10-ақ күн болған сарбаз жындыханадан бір-ақ шықты HD
Оралда әскери ант бергеніне 10-ақ күн болған сарбаз жындыханадан бір-ақ шықты. Жиырма жастағы Арманбек Қайрош осыдан екі ай бұрын Ақтөбеден Оралдағы 5517 әскери бөліміне шақырылған. Алайда, көп ұзамай оны әскери бөлімдегілер психоневрологиялық диспансерге жатқызыпты. Бірақ, бұл туралы бізге хабарламады дейді жас жігіттің жақындары. Айтуларынша, Арманбек диспансерге кездейсоқ түспеген. Оны әскерде әлдекімдер ұрған болуы мүмкін деп болжап отыр. 20 жастағы қатардағы жауынгер Арманбек Қайрош әскер қатарына маусым айында Ақтөбе облысынан шақырылған. Туыстарының айтуынша, ол отызыншы шілдеде Оралдағы 5517 әскери бөлімінде ант қабылдап, сарбаздар қатарына алынған. Ал 10 күннен соң белгісіз жағдайда облыстық психоневрологиялық диспансерге түсіпті. Бірақ әскери бөлімдегілер бізге бұл туралы тіс жармады дейді. Арманбектің диспансерде жатқанын кездейсоқ білдік деген жақындары бірден Оралға жеткен. ТОЙБАЗАР АМАНБАЕВ, Арманбек Қайроштың туысы: — Июльдің отызы присяга қабылдады. Біз болдық. Онда жақсы көңіл-күйі баланың. Желаниясы болды служить етем деп. Хал-жағдайы нашар баланың. Общым төбелескен ғой. Бірақ мына жерден алып кет мені дейді. Мына жерден одан сайын асқына береді дейді. Маған оңаша жер керек, маған покой жоқ деп тұр. Ұрған төбелескен, бастан тепкен. Дегенмен, 5517 әскери бөліміндегілер сарбазды ешкім ұрып-соққан жоқ деп отыр. Командирдің айтуынша, қатардағы жауынгер Арманбек Қайрош өзіне қол жұмсайтыны туралы көпшіліктің көзінше мәлімдеген. Осыдан кейін оны 9 тамызда фельдшерлік пунктке алып бардық дейді. Сарбазды тексерген дәрігерлер, денесінде еш ұрып-соғу белгілері болмады деп отыр. ҚАЗЫБЕК МӘЛТАЙ, ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімнің дәрігері: — Тоғызы күні біз психиатрға жібердік, психиатр бала құлаған жоқ. Онда ешқандай дене жарақаты болған жоқ балада. Келгеннен кейін біз психиатрға жібердік, психиатр өзі сұхбат жүргізген кезде ол айтты шұғыл түрде жатқызу керек деп ауруғанаға. Мен оған сұрақ қойсам басқа нәрсе айтып кетеді, өз алдына басқа нәрсе айтып кетеді. Ал психоневрологиялық аурухана дәрігерінің айтуынша, Арманбек ауруханаға түскенде дене зақымы болмаған. Тек психикалық жағдайы ауыр болды дейді. ОЛЬГА БАЛАБАНОВА, Батыс Қазақстан облысы психоневрологиялық диспансерінің бөлім меңгерушісі: — Тоғызыншы тамызда науқас сандырақтап, ауыр психикалық ауытқумен түсті. Қазір жағдайы жақсарды, өзін сабырлы ұстайды. Ұйқысы мен тәбеті қалыпқа келді. Енді Арманбек Қайрош екі ай психдиспансерде емделетін болады. Содан кейін оны әскери-дәрігерлік комиссияға жібереді. Комиссия мүшелері сарбаздың әрмен қарай әскерге жарамды не, жарамсыздығын шешеді. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Информбюро #А
Похожие видео
Показать еще