Емханадағы былық! Алматыда дұрыс сақталмаған вакцинаның төңірегінде шу шықты HD

28.09.2021
Алматыда дұрыс сақталмаған вакцина саны 1 мың 215-тен де көп болуы мүмкін. №27-ші емхананың санитар қызметкері екпе тұрған тоңазытқышты біреу тоқтан әдейі ажыратуы мүмкін екенін айтты. Тіпті, тексеру келген сайын әлгі «бұзылған» препараттарды басшылық әр кабинетке тықпалап жүргенін айтады. Ал, медициналық мекеменің бас дәрігері мұның бәрін жоққа шығарып отыр. Айтуынша, болған жайт бойынша акт толтырылып, екпе дозалары утилизацияға жіберіліпті. Жарамсыз вакцина төңірегіндегі шу 6-шы қыркүйекте шыққан. Нәтижесінде, 1 мың 215 препарат жарамсыз деп танылып, қолданыстан алынған екен. Бірақ, Әлия Райымқұлованың сөзінше, тоңазытқышта одан да көп екпе құтылары болуы мүмкін. ӘЛИЯ РАЙЫМҚҰЛОВА, Алматы қаласы №27 емхананың кіші қызметкері: – Жаман боп кеткен компоненттерді өздерінің ана жаққа, мына жаққа кабинеттеріне тыға бастайды. Проверка келіп жатыр дейма, білмеймін онысын түсінбеймін. Соны, ары бері тыға бастайды. Негізі вакцина күйіп кеткеннен кейін утилизацияға берілуі керек қой. Потому что сақтауға болмайды. Может дозасы көп болды ма? Білмеймін ғой. Тоңазытқыштың істен шыққанын басшылық әуелде менен көрді дейді кіші қызметкер. Оның үстіне мыңнан астам жарамсыз болып қалған вакцина үшін емхана басшылығы айыппұл төлеу керек екен. Соның кесірінін бе, әйтеуір жалақы да кешіктіріліп жатыр дейді. Ал, медицина мекемесінің бас дәрігерінің міндетін атқарушы бұзылған вакцина саны мен жалақыға қатысты ақпаратты жоққа шығарды. ГҮЛНҰР КЕНЖЕБЕКОВА, Алматы қаласы №27 емхана бас дәрігерінің міндетін атқарушы: – Бұл айтылған ақпараттың барлығы шындыққа жанаспайды. Мен оны ресми мәлімдеймін. Оқиға болған күні бірден электр сымынан ақау анықталып, акт толтырылды. Бүлінген Спутник-В вакциналарының саны да сол құжатта тіркелді. Қалған ақпараттың барлығы өтірік. Вакциналарды дұрыс сақтамағаны үшін осы мекеменің бас дәрігері және жауапты маман сөгіс алған. Қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр екен. Ал, жарамсыз болып қалған 1 мың 215 Спутник-В екпесі жойылған. Өмір Серікбекұлы, Влад Шишко Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #емханадағы_былық #вакцина #сақталмаған_екпе #утилизация

Похожие видео

Показать еще