Балаларға қатысты зорлық-зомбылық тыйылар емес. Өңірге шолу HD
Соңғы уақытта балаларға қатысты зорлық-зомбылық жиі орын алуда. Кейбірі оң-солын танымай жатып азғындардың құрбанына айналса, енді бірі туған ата-анасынан зәбір көруде. Тіпті заңсыз жұмысқа жегілгендері де бар. Оңтүстік Қазақстан облысында былтырғы жылы кәмелетке толмағандарға қатысты 308 қылмыс тіркелген. Ал биылғы жылдың жартысында 284 қылмыс жасалған. Биыл 4 адам өлтіру, 4 денсаулыққа қасақана зиян келтіру, 11 сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері, 17 кәмелетке толмағандар саудасы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Асылбек Әлиев, ОҚО ІІД бөлімше басшысы -Жасөспірімдерге қатысты зорлау фактісі былтырға қарағанда көбейіп отыр. Былтыр 9 факт болса, биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша 19 факт болып отыр. Ал Павлодар облысында мүгедек балалардың құқығы тапталған. Прокурорлық тексеру интернат түріндегі мекемелерде бүлдіршіндерге қолданылу мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер беріліп келгенін анықтады. Олқылықтар азық-түлікпен қамтудан да табылды. Мәселен, ас мәзіріне сапасы төмен, талапқа сай келмейтін азық-түлік түрлері пайдаланылған. Бүлдіршіндер көкөніс, жеміс-жидектен де қағылыпты. Бақылаушы орган 20-дан астам заң бұзушылықты анықтады. 10 қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тағы 20 шенеунікке айыппұл салынды. Айымгүл Ермұратова, Павлодар облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы -Көз жанары нашар көретін балаларға арналған №82 мамандандырылған балабақшада 70-80 жылдары шыққан медициналық жабдықтар осы күнге дейін қолданылып келген. Есту қабілеті төмен балалар баратын облыстық мектеп-интернатында балалардың қауіпсіздігі сақталмаған. Сондай-ақ Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Төретам ауылының тұрғыны 7 жастағы баласы Әлішер Темірашевты бұзықтығына бола аяусыз жазалап келген. Тасбауыр әйел баласын от көсейтін темір құралмен ұрып, оқтаумен сабаған. Бұған дейін қаңтар айында Әлішердің денесінде соққылар ізі мен күйік шалуды байқаған балабақша тәрбиешілері жедел жәрдем шақырып, ауруханаға жеткізген. Ата-анасына балаға қысым көрсетпеу жөнінде бірнеше мәрте ескерту жасалған. Алайда баланың жапа шегуі жалғаса берген. Туған анасынан зәбір көрген балғын 29 маусым күні облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына әкелінді. Оның 2 бауырын да қамқорлық мекемесінің мамандары бақылауына алады. Меруерт Жұмашева, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының психологы
Похожие видео
Показать еще