Бесікке бөлеу дұрыс па?
«Төрінде бесік тұрса, төре де басын иеді»,- дейді біздің халық. Ал, Бауыржан Момышұлы "Бесігі жоқ елден қорқамын" дейтін. Дегенмен, бүгінде сәбиін бесікке бөлейтін отандастарымыз азайып барады. Жастарымыз бесіктен заманауи тербеткішті артық көргені ме, әйтеуір бесік қолданыстан шығып барады. Оның үстіне дәрігерлер жас аналарды баланы бесікке бөлеу зиян деп үгіттейді. Кейбір мамандар керісінше, бесіктің медициналық тұрғыда пайдалы екенін айғақтайды. Сонымен қайсысы зиян, қайсысы пайдалы? Тілшіміз Мейрамгүл Салқымбаеваның бейне материалы. Бесік жайлы. Астына текемет төселген мына бесікке биыл 38 жыл болған. Бұған Күміс әжейдің балаларының ұрпағы - 10 немересі жатқан көрінеді. Бесіктің басында үкісі, астында түбегі, баласына шүмегі де дайын. Қазақтың салт-дәстүрін киелі деп сақтаған ақ жаулықты ана қасиетті бесік балаға тазалық пен денсаулық сыйлайды дейді. Ал, оның қолданыстан шығып кетуі ата-бабамыздың аманатын ақтамағанымызбен тең деп өкініш білдірді. Күміс МЕТЕРОВА, Қарағанды қаласының тұрғыны: «Адамның өзіне байланысты. Мен врачтардың айтқанымен келіспеймін. Қазақ баласы бесікте өскен. Жаман болса, қоғам қайраткерлері қалай дамыды...» Ал ақ халаттылар, жас аналарға бесікке бөлеген баланың денесі демалмайды, тіпті, бала денсаулығына қауіп төндіреді деп тұжырымдауда. Медицинаға жүгінсек, бесікке жатқан баланың қан айналымы дұрыс болмай, басы үлкейіп, аяғының ұршығы шығады екен.
Похожие видео
Показать еще