Елорданың мерекесі әрбір Қазақстандықтардың жүрегінде. HD

06.07.2019
Бүгін – Астана күні. Жас елорданың мерекесі әрбір Қазақстандықтардың жүрегіне қуаныш ұялатып, ертеңге деген сенімді шындай түсуде. Қарыштап дамыған жаңа Астананың бүгінгі келбетіне сүйсінбейтін жан жоқ. Ол жаңаша қарқын алған құрылысымен ғана емес, соңғы технологиялар негізінде салынып жатқан гүлзарларымен, аллеяларымен сырттан келушілердің назарына ілініп, шетелдіктерді таң қалдырған бас қала. Сайын Сарыарқаның төсінде тотыдайын таранған ел жүрегі Астанамыз жылдар келе, алып Азия мен Еуропаның шоқтығы биік қалаларының біріне айналып отыр. Міне, осы орайда Шу аудандық орталық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласының 21 жылдығына арналған салтанатты жиын болып өтті. Бұл атаулы мерекеде Шу ауданы әкімі Жарылқасын Әбдіғапарұлы Айтақов алғы сөз сөйлеп жерлестерін шын жүрегімен құттықтады. Аудан басшысы сөз соңында Шу ауданы әкімінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 483 өкімімен ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан үлесі мен тәуелсіз Қазақстан құру жолында сіңірген еселі еңбектері үшін және 6 шілде - Елорда күні мерекесіне орай Компания «Мар – Нұр» ЖШС нің заңгері Рахимов Нұржан Асанұлын аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» және «Шу ауданы заңды тұлғалар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің құжат қабылдау бөлімінің меңгерушісі Абдраманова Гаухар Әуесбекқызын, Шу ауданы және Шу қаласы іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Умбетбаева Құндыз Бекболатқызын аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сұлтанбаев Найман Кенжеханұлы «Нағыз патриоттар» қоғамдық бірлестігінің қаржы директоры Рахимова Маржан Асанқызын «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының «Құрмет грамотасымен» құттықтады. Сондай – ақ Елбасы Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленген болатын. Домбыра күнінің белгіленуі жай¬дан-жай емес. Бұл рухани жаңғыру бағытындағы ең сүбелі тірліктің бірі болмақ. Осы күннің аясында ұлттық аспабымызды ұлықтау мақсатында тың бас¬та¬мବлар бой көтеріп, көптен бері қо묬дау таппай жүрген игі дү¬ние¬лер қайта жаңғыруда. Осы күнге орай аудандық мәдениет үйінің фаесінде Әбілахат Еспаев атындағы балалар саз мектебінің оқушыларының орындауында жерлесіміз Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйінің үні шарықтап, келген қонақтарға шабыт беріп тұрды. Жиын соңында аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарламаға жалғасты.

Похожие видео

Показать еще