Мейрамбек Бесбаевтың анасын құттықтауы қазақстандықтардың жүрегін елжіретті

26.05.2022
Жазылып кетіңіздер: Телеграм каналымыз: https://t.me/show_biznes_kz Инстаграм каналымыз: https://www.instagram.com/show_bizneskz/ Кеше ғана қырыққа толған туған күнін тойлаған Мейрамбек Бесбаев желіде анасын туған күнімен құттықтады. Әнші анасына деген махаббатын өлең жолдарымен жеткізді. «Мама туған күніңізбен құттықтаймыз! Зор денсаулық мол бақыт тілейміз!!! Анам – бақытым», – деп жазады әнші Инстаграм желісіндегі парақшасында m_besbaev. Анашым, неткен ғажап төзімді едің, Мені ойлап ұзақ таңға көз ілмедің, Пейілің жанып тұрған күннен де ыстық, Жоқ шығар ешкімде ондай сезім дедім. Аман бол, бақытты анам, Әр сөзің жақұт маған. Сәби боп қалар ем ғой, Бағынса уақыт маған. Аман бол, қадірлі анам, Әр сөзің лағыл маған. Сендей жан жер бетінен, Іздесем табылмаған, Асыл анам! Анашым, көркем едің, келбетті едің, Бөленіп әлдиіңе ержеткенім. Баяғы сенің айтқан бесік жырың, Тұр әлі көңілімді тербеп менің. Мейірім шуақ төгіп кең жүрегің, Бала боп еркелесем елжіредің. Сіз барда қайғы көрмей бұл жалғанда, Еңсемді биік ұстап мен жүремін. Желі қолданушылары да әншінің анасын құттықтап, ыстық ықыластарын тілеп жатыр. «Анаңыздың туылған күні құтты болсын! Бар жақсыны тілеймін! Сіздей перзентті елге сыйлаған, анаңызға үлкен рақмет!», «Құтты болсын анаңа денсаулық тілеймін, сендей ұлы бар анаңыз бақытты», «Анаңыздың денсаулыгы мықты, жасы ұзак болсын!!!», – деген сыңайдағы қолданушылар атынан ізгі тілектер жазылып жатыр. Сілтеме: https://stan.kz/meyrambek-bespaevtyn-anasyn-kuttykt/?fbclid=IwAR2TEvqB3OpbOg3ABjbL-sX8xg0uGD-E763HTmMoK-gY9wrOzM9YuZQWhn8 шоу бизнес казахстан, шоу-бизнес, жұлдыздар, qazaqstan, шоу бизнес жулдыз, жулдыздар купиялары, жулдыздар ойбай шоу, мухит сапарбаев, шоу бизнес интрига, новости шоу бизнеса, последние новости шоу бизнеса, новости шоу бизнеса сегодня

Похожие видео

Показать еще