ТҮРКІСТАН: кесенеде әулие бала берді | Абылай хан тізерлеп келді | Қаланың ешкім естімеген құпиялары HD
#НартайАралбайұлы #Түркістан #НартайНьюс 1️⃣фильм: ШЕКАРА: Қазақ қанша жерінен айырылды??? https://youtu.be/Sdj735MTHV4 2️⃣фильм: ҚАЗАҚ ТІЛІ: өрде ме, көрде ме? https://youtu.be/sE9e0F7pqn0 3️⃣фильм: БЕЙБІТШІЛІК: Әйел жесір қалды | Бала жетім қалды | Соғыстың салдары | Бейбітшіліктің бағасы https://youtu.be/uoCn5Uy_zmo 4️⃣фильм: ТҮРКІСТАН: кесенеде әулие бала берді | Абылай хан тізерлеп келді | Қаланың ешкім естімеген құпиялары https://youtu.be/GnAUCcIPP9c 5️⃣фильм: Қазақ болмаса жойылып кететін ұлттар! | Бір атаның балалары https://youtu.be/kBn0LHUdJhw 6️⃣фильм: ЖЕРҰЙЫҚ: Шенеуніктер Астанада қазақ мектебін ашуға қарсы шықты | Сол жағалау су астында қала ма? https://youtu.be/4XrTV2v9BlM 7️⃣фильм: БОЛАШАҚ: Ағылшын тіліне талап төмендеді | Шетелде оқу бәріне мүмкін болады | Ауыл жастарына жеңілдік https://youtu.be/P8wA3xIOBhM Түркістан туралы толғадық бүгін! Кесенедегі көптің көзіне көрінбейтін жазулар, қыш тасты жасырын әкетіп ұйқысынан айрылып Түркістанға қайтып келген адам, анасына әулие көктен берген соң Қожа Ахмет деген есім алған баланың тағдыры, бүгінгі Түркістанның әлі күнге ешкім ашпаған құпиялары... Ағайын, бұл фильмді өзіңіз көріңіз және міндетті түрде балаларыңызға көрсетіңіз! Туған-туыс көршілерге жіберіңіз. Бұл бүгінге дейін теледидардан тоқтаусыз айтылған Түркістан емес, бұл қасиеті қалың елге қазық болған, ақиқаты мен мистикасы қатар жатқан Түркістан. Түркі дүниесінің астанасындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне төніп тұрған қауіпті де айттық((( Бұл фильмде айтылған деректердің 20% ғана. Қалғаны толық нұсқасында, сондықтан көріңіз! Жер бетінде түркі жұртының қастерлі қос тұғыры бар. Оның бірі – Алтай, екіншісі – Түркістан. Ергенеқон атты құтты қоныстан өрбіп, дүниенің төрт бұрышына таралған күллі түркі халқының алтын бесігі – Алтай. Ал, Түркістан – Алтайдан өрбіген ондаған түркі тайпаларының кең жазыққа түсіп, қайта тоқайласқан, тұтас ұлыс боп ұйып, ортақ ділі мен дінін қалыптастырған қасиетті мекен. Батырлар қызғыштай қорып, хан-сұлтандар ордасын тіккен құтты аймақ. Түгін тартсаң майы шығатын шұрайлы жердің жазығы дәнге, тауы мыңғырған малға толған. «Мединада - Мұхаммед, Түркістанда - Қожа Ахмет». Ия, исі түркіні исламға ұйытқан, түркі жұртының таным-түсінігін қалыптаған, алпыс үш жасында өз еркімен қылуетке түсіп, Хақ дидарын көруді, дүниенің ақиқатына жетуді мұрат тұтқан Қожа Ахмет Яссауи осы Түркістанда тұрған. Түркістан шаһарында ақтық аманаттары орындалған аруақты ата-бабаларымыз жерленген. Мұнда ақыл-парасатымен болашақты болжаған даналар мен қазақтың игі жақсы-жайсаңдары, қаһарман батырлар бақилық орнын тапқан. Түркістанның пәни жалған мен бақи дүниені жалғар қасиетті қақпа аталатыны сондықтан. Шарапаты дүния тұрғанша тұратын Құл Қожа Ахмет Яссауиге зиярат ету үшін адамдар дүнияның шартарабтан – ежелгі түркілік тәңіршілдікті ислам дінімен ұштастырған, барша түркі жұртының кейінгі бірыңғай дүниетанымын қалыптаған рухани астана. Түркістан жай қала ғана емес, Еуразияның орталығындағы кең-байтақ аймақтың, осы кең