«Еуразия жүрегінде» - 1 бөлім HD
ҚР Тұңғыш Президенті қорының қолдауымен, көзі көрмейтін мүгедектердің қоғамдық қайырымдылық «Көмектес» қорымен дыбысталған «Еуразия жүрегінде» атты аудиокітапты Сіздердің назарларыңызға ұсынуға қуаныштымыз ! Аудиокітап елорданың 20 жылдығына орай шығарылған. Кітаптың авторы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болып табылады. Өз туындысында мемлекет басшысы қазақстан экономикасының локомотив-қаласы туралы баяндайды. Кітапта елорда Астана туралы күнделік жазбалардың парақтары біріктірілген. Батыл шешімдер, серіктестердің көмегі, архитектуралық ізденістер, қаланың болашағы туралы ойлары, өңір туралы топонимикасы мен аңыздар, тұрмыстың детальдары,тарихи аналогиясы, Астананың ландшафты мен эстетикасы, бір сөзбен айтқанда, Президенттің жаңа елордаға арналған ойлары мен істерін осы туындыдан табасыз. Президент егжей-тегжейлі түрде миллиондаған қазақстандықтар үшін Отанымыздың жүрегіне айналған Астаның құрылуы мен дамуы туралы хронологияны қалпына келтіреді. Аудиокітап қордың YouTube каналында үш бөлікте жүктелген.
Похожие видео
Показать еще