Елорда жаңа театралдық сахна «Астана Балет» театрымен толықты HD

10.12.2016
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ұлттық хореография академиясының бірегей кешеніне енген жаңа мәдениет мекемесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Әлемнің үздік үлгілеріне сай түрлі шығармашылық ұжымдардың қойылымын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өнер ордасының маңызы зор. Мемлекет мәдениет майталмандарына мейлінше қолдау көрсету жолында аянып қалған емес. Орталық Азия мен барша Еуразия кеңістігіндегі хореографиялық өнердің дамуына үлес қосатын бұл мекеме соның айғағы болса керек. Бас қаламыздағы жаңа театрдың ашылуы қазақстандықтардың жоғары мәдени деңгейін дамытуға және елорданың жағымды имиджін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз. Театр жалпы көлемі 15 мың 467 шаршы метр аумақты қамтиды. 783 орынды көрермен залы бар. Сахнаның көлемі – 536 шаршы метр. Сахна төрт көтеріп-түсіру планшеті мен төрт әртістік көтергішпен жабдықталған. Көрермендер желтоқсанның 10-ы мен 11-і күндері жаңа сахнада бразильдік хореограф Рикардо Амарантенің «Биге деген махаббат» және «Диверсити» балет қойылымдарын тамашалай алады.

Похожие видео

Показать еще