Елорда ел экономикасының локомотивіне айналды HD

06.07.2016
Бүгінде шағын және орта бизнеспен айналысатын астаналықтар саны 288 мыңға жетті. Демек қала тұрғындарының үштен бір бөлігі – кәсіпкер. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы шеңберінде өндіріс орындарының қатары әлі де арта түспек. Өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша, елорда еӊ жоғары қарқынына қол жеткізіп, Қазақстан экономикасы өсімініӊ 40 пайызын қамтамасыз етті. 18 жылда Астана өнеркәсібі 23 есеге өсіп, республика бойынша 3-ші орынға тұрақтады. Осылайша, елорда ел экономикасының локомотивіне айналды. Үкімет тарапынан жасалған бірқатар жеңілдіктер шағын және орта бизнестің дамуына серпін беруде. Ержан Бектібаев, Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы -Салық түсімінің өсу деңгейіне бірнеше факторлар әсер етіп жатыр. Біріншіден, ол мемлкеттік кірістер органдарының жүргізіп жатқан әкімшілендіру жұмыстары. Екіншіден, соңғы кезде жетілдіріліп жатқан біздің салық заңнамасы. Яғни қазіргі таңда шағын және орта бизнес өкілдері үшін арнайы салықтық тәртіптеме қарастырылған. 2-3 пайыз көлемінде.

Похожие видео

Показать еще