Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша? HD
Сыртқы қарыз жыртықты жамауға емес, қайтымды капитал ретінде жұмсалып отыр. Арнамызға эксклюзивті сұхбат берген Ұлттық экономика министрінің орынбасары Марат Құсайынов осылай деді. Жалпы өткенге бір көз жүгіртсек. Қазақстан 2000 жылы Халықаралық валюта қорынан алған берешегін мерзімінен бұрын қайтарды. Яғни жеті жыл бұрын. Ол кездері мұндай көрсеткішке ТМД елдерінің ішінде бір де бір мемлекет қол жеткізбеген болатын. Ал бүгінде Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша? Дағдарыс кезінде оны қайтару мүмкін бе? Зайнұр Байжігіт, тілші -Әлем экономикасы локомотивінің бірі саналатын Жапонияның сыртқы берешегі – 12 трлн доллар. Оны адам басына шаққанда 97 мың доллардан шығады. Ал әлемдегі ең кедей елдің бірі Либерияның мемлекеттік қарызын әр азаматына есептегенде небәрі 260 доллар екен. Демек мемлекеттің сыртқы қарызының аздығы сол ел экономикасының жетістігі мен табысын білдірмесе керек. Алмақтың да салмағы бар. Бұған бұрынғы берекелі өмірінің сәні кеткен Грекия дәлел. Олардың үкіметі жоғары жалақы мен зейнетақы төлейміз деп, сыртқы қарызға белшесінен батты. Қазір 11 млн тұрғыны бар Грекияда халықтың 24 пайызы жұмыс таппай жүр. «Ал Қазақстан сырттан алған қаржыны сауатты жұмсайды. Ұдайы экономикаға жаңа дем, серпіліс беруге бағыттайды», – дейді Үкіметтегілер. Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі -Экономиканы ілгерілетуге бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламалар бюджет аясына сыймаса, шығындар көлемі артатыны белгілі. Сондықтан мемлекет басы артық ақшаны қарызға алады. Халықаралық тәжірибеде кез келген елдің мемлекеттік қарызы жалпы ішкі өнімге шаққанда 60 пайыздан асса, қауіпті болып саналады. Ал Қазақстандағы бұл көрсеткіш шамамен 27 млрд доллар, яғни 21 пайыз. Сондықтан Ұлттық экономика министрінің орынбасары Марат Құсайынов: «Алаңдауға ерте», – дейді. Айтуынша, қазір сыртқы қарыз мемлекеттің бақылауында. Барлығы рет-ретімен, уақыты жеткенде өтеліп жатыр. Марат Құсайынов, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары -Сырттан алынатын қаражатқа инфрақұрылымды дамытсақ, құрылысқа жан бітеді. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Демек сыртқы қарызды жыртықты жамауға емес, инвестиция ретінде бағытталып, қайтымды капитал ретінде жұмсалып отыр. 2018 жылға дейін бюджет тапшылығын 1 пайызға дейін азайту жоспарланып отыр. Яғни бұдан кейін сырттан қарыз алудың мүлде қажеті болмайды. Авторлары: Зайнұр Байжігіт, Аманжол Байғазин
Похожие видео
Показать еще