Елорда саябақтары мен тұрғын үй кешендеріне 300-ден астам терек отырғызылды HD

22.05.2021
Атадан мал қалғанша, тал қалсын дейтін елміз. Табиғатқа көрік, аулаға тыныс, жұртқа сая, құсқа ұя болса несі жаман. Ағаш егу сауапты іс екені де жасырын емес. Бүгін елорда саябақтары мен тұрғын үй кешендерінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 300-ден астам түп тал-терек отырғызылды. Алдағы 5 жылда еліміздің орман алқаптарында 2 млрд және елді мекендерде 15 млн түп ағаш отырғызу керек. Тапсырма Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан берілді. Былтыр, 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын. Енді оның жүзеге асу кезеңіне келіп жеттік. Мысалы, бүгін Мәңгілік ел және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы аумақ көгалдандырылды. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Похожие видео

Показать еще