Шымкентті көркейтуге қомақты инвестиция тартылады HD
Шымкент қаласында зәулім үйлер салып, дамыған инфрақұрылым қалыптастыруға 133 млрд тг инвестиция тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Әкімдіктің айтуынша, бұл – соңғы 10 жыл көлеміндегі ең ауқымды қаржы капиталы. Сол арқылы бұрынғы ипподром аумағы көркейеді. Атап айтқанда, бизнес орталық, мектеп, емхана, оңалту мекемесі және тұрғын үй кешендері бой көтереді. Алайда көпшілік арасында бұл іспен келіспейтіндер де бар. Қаладағы көптен бері қаңырап бос тұрған ипподром аумағы мегаполистің жасыл аймағына кіреді. Әкімдік инвестордың ұсынысымен осы жердің инфрақұрылымын дамытуды қолға алды. Тұлпар өзенінің маңын абаттандырып, саябақ, жүгіру жолақтары және ақылды технология негізінде зәулім үйлер салады. Инвестор жобаға 133 млрд тг жұмсамақ. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24 Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24 Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24
Похожие видео
Показать еще