Түркістандағы «Керуен сарай» орталығына қатысты даумен Өмірзақ Шөкеев келіспейді HD

04.11.2021
80 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген Түркістан облысының туризм саласында даму жоқ деген ақпарат соңғы уақытта көп талқыланды. Бұндай қомақты қаражат еліміздің 16 өңіріне тартылған инвестиция көлемімен пара-пар. Бірақ облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бұнымен келіспейді. Өңір басшысы бұл тек туризмге ғана емес, әуежай, жолдар салуға жұмсалған ақша деп отыр. Ал оның барлығы түптеп келгенде туризмге әсер етеді дейді. Орта Азияда теңдесі жоқ «Керуен сарай» туристік орталығына қатысты даумен де Өмірзақ Естайұлы келіспейді. Сондай-ақ, облыс әкімі құрылыстың сапасы нашар, қабырғалары сөгіліп, төбесі опырылып жатыр, ал Түркиядан арнайы әкелінген ағаштар қурап қалды деген ақпарат та шындыққа жанаспайды деп қысқа қайырды. ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ, Түркістан облысының әкімі: – Ол енді үлкен құрылыс. Бір км алып жатқан құрылыс. Керемет, жақсы деңгейде жасалған. Полностью темір бетоннан салынған, әр түрлі адамдар,блогерлер енді өздері біледі ғой, барып пікір айтады. Бірақ ол шындыққа жанаспайды. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #туризм #Түркістан #КеруенСарай #дау

Похожие видео

Показать еще