Түркістандағы «Керуен сарай» кешені қашан ашылады HD
Түркістан қаласында жақында ашылатын «Керуен сарай» кешені – Орталық Азиядағы теңдесі жоқ жоба, деп хабарлайды «Хабар 24». Оны Үндістан мен Иран базарлары сияқты ортасында қайықпен жүретін су арналары бар, саябақтар мен фонтандардан тұратын тұтас қала деуге болады. «Керуен сарай» туристік кешені – Түркістандағы кереметтер нысандардың ішіндегі ең ғажайыбы. Аумағы 188 гектар жерді алып жатқан ерекше қалашықтың ішінде бес жұлдызды қонақ үйлер, су бетіндегі театр, аттар шоуы өтетін амфитеатр, кинотеатр, қиял-ғажайып балалар ойын алаңы, сауда орындары мен мейрамханалар орналасқан. Келген туристер мен қонақтар кешен ішін қайықпен аралайды. Бұдан бөлек, Бәйтеректің басындағы Самұрық құстың жұмыртқасы сияқты, жаңа технологияның көмегімен, 8 D форматта халқымыздың тарихына әсерлі саяхат жасайтын театр-музей бар. Шығыс үлгісінде салынған кешен киелі шаһарға келетін меймандардың сүйікті демалыс орнына айналары сөзсіз. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24 Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24 Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24
Похожие видео
Показать еще