Педагогикалық әдеп кеңесі жөнінде 20.02.2020

20.02.2020
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 34-1) тармақшасына сәйкес, «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 16-баптарының негізінде педагогикалық әдеп қағидасының жобасы шығып талқылануда. Оның өзекті деген жерлерін сіздермен бөліссек. Педагогтер қызметтік және қызметтік емес уақытта: Педагогиканың негізгі принциптерін сақтайды делінген. Сонымен қатар педагог Қазақстан Республикасы педагогінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді, өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы орындайды, өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдірумен белсенді түрде айналысады, еңбек тәртібін бұлжытпай сақтайды, білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады. Десек те бұнда әр түрлі материалдарды БАҚ-та, оның ішінде интернет-басылымдарда жариялайды, жеке тұлға ретінде өз атынан ғана көпшілік алдында сөйлейді, бұл ретте педагогтің жоғары атағына нұқсан келтірмей, пікірталасты дұрыс түрде жүргізуді қамтамасыз етеді, мемлекеттің лауазымды тұлғаларының атына сындарлы емес сыннан және әдепсіз пікірден тартынады, жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашпайды, қоғамда педагогтің жоғары атағына нұқсан келтірмейді делінген. Яғни топта, басқа жерлерде тек өз атынан сөйлеу ұсынылады. Енді бір жолында білім беру ұйымының атынан бұқаралық сөз сөйлеулер, БАҚ жарияланымдары осы ұйымның басшысымен келісіледі делінген. Бұл жерде Құрметті лауазымды тұлға мына жерде жемқорлыққа жол бердіңіз, оны жариялау үшін сізден рұқсат сұраймыз дейміз бе? Әлеуметтік желілерде тексерілмеген және (немесе) дәйексіз және (немесе) әдепсіз ақпаратты таратпайды, қоғамда педагогтің жоғары атағын нығайтуға ықпал етеді бұл енді түсінікті. Қазақстан республикасының кез келген азаматы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылады. Әдеп кеңесі 3 жылға сайланады. Оның құрамына жоба бойынша білім басқармаларының (бөлімдерінің) өкілдері, білім беру саласында қызметін жүзеге асыратын кәсіподақтардың және (немесе) үкіметтік емес ұйымдардың және (немесе) қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, кемінде екі педагог, құрметті демалысқа шыққан педагогтер. Кеңеске, мүмкіндігінше, заң саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар енгізіледі.

Похожие видео

Показать еще