Арнамызға шағымданған Алматы тұрғыны үйіне жапсарлай түскен құрылыс нысанына қарсы екенін айтады HD

03.02.2021
Арнамызға шағымданған Алматы тұрғыны үйіне жапсарлай түскен құрылыс нысанына қарсы екенін айтады. Сөзінше былтыр басталған кеңсе ғимараты тұрғын үйіне тым жақын салынған. Ол аздай шатырдан аққан лас су мен, қоқыс қалдықтарының бәрі ауласына түсіп әбігерге салады екен. Ал Бостандық ауданының соты бұл құрылысты толық зерттемей тұрып қарсы тарапқа шешім шығарды дейді арызданушы азамат. Күтпеген құрылыс қолайсыздық тудырды деген Райхан Қақпанбаева аулада еркін жүруге қорқамын дейді. Өйткені төбеден төніп тұрған ғимараттан темір-терсек пен құрылыс қалдықтары жиі түсетінін айтады. Тіпті сол бөлшектерден жарақат алған кезіміз де болды деп ашулы. Ал құрылыс иесі мұнда мүлде төбе көрсетпепті, есесіне көмекшісі келіп Райханға жекіп кеткен. ҚАҚПАНБАЕВА РАЙХАН, үй иесі: – Өзі грубо отвечать етті. Сен кімсің? Бәрін біз заңды істеп жатырмыз, ештеңе істей алмайсың. Соттасаң соттас менімен деп. Райхан сотқа да берген, бірақ іс құрылыс иесінің үлесіне шешіліпті. Өйткені соттағы құжатта ғимарат арасы 6 метр деп көрсетіліп, салынған кезде 1 жарым метр болды дейді. СЕРГЕЙ УТКИН, заңгер: – Бұл нысан ендігі басқа кәсіпкерге сатылып кеткен. Енді қалай оған тексеріс жүргізуге болады? Меніңше олар аудандық сотты да, құрылыс басқармасын да сатып алған. Ал келісілген күні аталмыш нысанға келмеген Алматы құрылыс басқармасының маманы бұл істің бізге қатысы жоқ деп ат тонын ала қашып отыр. Өйткені кеңсе ғимаратының құрылысы аяқталғасын араласпаймыз дейді. Демек бұл басқарма тек құжатта көрсетілген сызба бойынша ғана тексеріс жүргізген. Алайда құрылыс алаңына барып көрмеген. Бірақ Бостандық ауданының сәулет-құрылыс маманы қазіргі құрылыс құжатта көрсетілген сызбадан бөлек екенін растап отыр. Айтуынша бұл ғимаратта өрт қауіпсіздігі мен сейсмикалық стандарттар сақталмаған. Себеп біреу, құрылыс о баста қате жоспарланған. СӘУЛЕ ӘБЕНҚЫЗЫ, Бостандық ауданының сәулетшісі: – Бұл ғимарат үш метр өзінен шектелу керек, және мына ғимарат үш метр, арасы 6 метр болу керек. Ал мына ғимараттың ұзындығы 24 метр. Құрылыстың бұрынғы қожайыны бұл нысанның соңы дауға ұласарын білді ме, әйтеуір бұл ғимаратты басқа кәсіпкерге арзан бағаға сатып кеткен. Алайда бұл ғимараттың қазіргі иесі бұл мәселеден бейхабар екенін айтып, жағдайды өзім реттеймін деп уәде етті. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #қолайсыз_құрылыс

Похожие видео

Показать еще