Алматыда тұрғын үй салып, пайда табуды көздейтін құрылыс компанияларына талап күшейтілді HD

04.06.2021
Бұдан-былай Алматыда тұрғын үй салып, пайда табуды көздейтін құрылыс компанияларына деген талап күшейтілді. Енді оларға тұрғын үй жанынан мектеп, балабақша сияқты әлеуметтік нысандарды да салу міндеттеледі. Сондай-ақ, қабатына қарай олардың ара қашықтығы да қазіргідей қаз-қатар үй салуға мүмкіндік бермейді. Мердігер мекеме өкілдері, бұл талап барлық компанияларға ортақ қойылған соң, үкімет те бізді бөліп-жармай теңдей қолдау білдіруі қажет дейді. Жаңа талап бойынша қаланың ішінде тұрғын үй кешенін әлеуметтік нысандармен қоса салу мүмкін емес дейді құрылыс компанияларының өкілдері. Мұны тек қаланың шеткі аудандарында жасауға болады. Оның өзінде басқа инвестициялық компанияларды тартуға тура келеді деп отыр. Бұл талап мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін үйлерді салумен айналысатын және жеке құрылыс компанияларына теңдей қойылып отырған соң, қолдау да бірдей болуы керек деп есептейді. МҰХАМЕДҒАРІП ҚҰРМАНҒАЛИЕВ, жеке компанияның құрылыс бойынша басқарушы директоры: – Қазіргі кезде қолжетімді тұрғын үйді салу шаршы метрінің бағасы да көтерілуі мүмкін. Әлеуметтік нысандарды салу кезінде осындай көмек болса, мемлекет өз тарапынан инженерлік желілерді тартып берсе, жолдарды тартып беріп көмектессе онда үлкен көмек болар еді құрылысшыларға. ӘЙГЕРІМ ЕРДӘУЛЕТ, тілші: – Мәселен, жаңа ережеге сәйкес, құрылыс компаниялары енді 5 қабаттан тұратын тұрғын үй кешенін салатын болса, әрқайсының ара қашықтығы кемі 20 метрден болуы керек. Ал 17 қабатты үйлер үшін бұл интервал 50 метрді құрауы тиіс. Барлығына ортақ талап: балабақша, мектеп, емхана мен учаскелік полиция пунктін салу. Құрылысшылар, тұрғын үй кешенінің алғашқы қабатын балабақша мен емханаға арнауымыз да мүмкін деп отыр. Ал үй маңайындағы мектепті мемлекетке немесе жеке кәсіпкерге тапсырамыз дейді. Дәл осы кезеңде нарықтағы бағаның құбылып-құбылмауы шешіледі. Ал қазір құрылысын бастап қойған команиялар, бұл ережеге бағынбайды. ЕРАЛЫ САУРАНБАЕВ, ҚР құрылыс саласы одағының басқарма төрағасы: – Әлеуметтік нысанды құрылыс компаниясы толық салып біткеннен кейін ғана мемлекеттен қаржылай көмек қарастыралады. Яғни, құрылыс қызып тұрған кезде қаражат бөлінбейді. Бұл нысандары өзге жеке компаниялар да алып, әрі қарай жұмысын жалғастыра алады. Кейбір сарапшылар, бұл өзгеріс баспана бағасын тіпті 50 пайызға дейін қымбаттатып жіберуі мүмкін екенін айтады. Әйгерім Ердәулет, Влад Шишко Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Алматы #құрылыс #тендер #байқау

Похожие видео

Показать еще