Пенсионканы Отбасы банк депозитіне аудару 2-бөлім! HD
Арнайы шотқа түскен БЗТ қаражатын Отбасы банктегі депозитке қалай аударамыз? БЗТ қаражаты арнайы шотқа түскен соң enpf-otbasy.kz - онлайн платформасында: 1. "Менің өтінімдерім" бөліміне кіру; 2. Өтінімді таңдау; 3. "Тізімді жаңарту" пернесін басып, шыққан тізімде ақша аударылуы тиіс депозитті таңдап "Депозитті таңдау" батырмасын басу; 4. "Өтінімді жіберу" пернесін басып және ЭЦҚ көмегімен депозитті толықтыру келісіміне қол қою қажет. Егер сіздің депозитіңіз тізімде шықпаса немесе перне басылмаса enpf-otbasy.kz платформасына басқа браузердің көмегімен қайтадан кіріп көріңіз. ❗Ескеру қажет: «Одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақ салымын толықтыру» мақсатын таңдаған кезде - кейіннен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотека рәсімдеп, баспана сатып алу үшін ғана ақша жинақтауды білдіреді. Бұл ретте онлайн-платформада депозиттер келесі жағдайларда көрсетілмейтінін ескеру қажет: 1. Салымға үшінші тұлғалар қойған талаптар бар болса; 2. Банк салымдағы ақшаны банктік қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылдаған болса; 3. Салым кепілдік болып табылса; 4. Салым тұрғын үй төлемдері жүйесі бойынша арнайы салым болып табылса; 5. Салым «Онлайн-табыстау» аукционының қатысушысы болып табылса; 6. Салым сыйлық сертификаты болып табылса.