8 сынып БЖБ ХИМИЯ 2 ТОҚСАН 2 БӨЛІМ HD
8 сынып БЖБ ХИМИЯ 2 ТОҚСАН 2 БӨЛІМ 1(a) Көміртек оттекте жанғанда түзілетін көміртек диоксидінің формуласын белгілеңіз. (b) Көміртекті отындар оттекте жанғанда күйе, иіс газы, көмірқышқыл газы түзіледі. Көміртек монооксиді және диоксидтерінің түзілуін сәйкестендіріңіз. 2(a) Парниктік эффектінің пайда болу себептеріне мысалдар келтіріп, түсіндіріңіз. (b) Парниктік эффектінің шешу жолдарын ұсыныңыз. 3. Сөйлемді толықтырыңыз. Жылу бөле жүретін реакциялар _ деп, жылу сіңіре жүретін _ реакциялар деп аталады. Бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері реакцияның _ деп аталады. 4. Жер бетіндегі кең тараған химиялық қосылыс – су. Суды сутегінің негізгі шикізат көзі ретінде қарастыруға болады. Бірақ ол үшін суды суретте көрсетілгендей электр тоғының көмегімен ажыратуға болады. Осы кезде 572 кДж / моль энергия сіңіріледі. (а) Осы реакцияның термохимиялық реакция теңдеуін жазып көрсетіңіз. (b) Сутегі мен оттегі газы әрекеттесіп су түзілген кезде химиялық реакция энергиясы қалай өзгереді? Энергия тұрғысынан реакция типін ажыратып жазыңыз. #БЖБ #8СЫНЫП #БЖБХИМИЯ #БЖБ2ТОҚСАН #парниктікгаз #парниктікэффект #жылыжайэффектісі #термохимия #эндотермия #экзотермия #жылуэффектісі
Похожие видео
Показать еще