"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылыс бағдарламасы аясында 116 пәтерлі баспана тапсырылмақ HD
Наурыз айында Қазақстандық ипотекалық компания Береке ықшам ауданында бой көтеріп жатқан зәулім үйді халық игілігіне тапсырмақ. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында тұрғызылған баспана, қалалық әкімдікте кезекте тұрған халыққа беріледі. Ол үшін қоныс тойын тойлауға ниетті жерлестеріміз ақпанның 12-сі мен 22-сі аралығында egov.kz Электрондық Үкімет Порталы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш білдіруі керек.