Биліктің бейжайлығы халықты баспанасыз қалдырды
Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша тұрғын үй құрылысы белсенді жүріп жатыр. Биыл 68 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Оңалбаев мәлімдеді. Алайда, толығымен салынып қолданысқа берілуге шақ қалған “Жайсан” тұрғын үй кешенінің сүрілуге жіберіліп отырған нақты себебін айтар ешкім жоқ. Не себепті құрылыстың заңсыз екендігі бастапқы кезеңде хабарланбады ? Салынып жатқан құрылыс нысандарына қалалық құрылыс басқармасы жауап бере алмаса, онда халықтың сұрауы кімнен болуы тиіс ? Жауапты болған органдардың барлығы бір біріне сілтеп отырған сәтте, 200-ге жуық отбасы баспанасыз қалмақ. 4vlastinfo.kz Ақпараттық агенттігінің журналистері журналистік зерттеу жүргізеді. Редакция нөмірі: 87774717140, 87718101111 Ютуб каналы және 4vlastinfo.kz сайтына тіркеліңіздер