Қабатов халықты алдап соқты! HD
Бәріңізге Ассалаумағалейкум Шырылдауық шегірткелер бас көтерді. 100 мыңдаған әнші мен әртістер Тұрсынбекті қолдағаны рас па?! Қабатовты 10 жылға бас бостандығынан айыру керек деп ағынан жарылған кім?! Қазақстанда қаптап кеткен шырылдауық шегірткелер туралы ащы шындықты кім айтады? Бұл сұрақтардың жауабын сізге Көрген дұрыс! Әнеукүннен бері Қабатовтың қызы әлеуметтік желінің қызу талқысына түсті. Белгілі асабаның отбасында болған бұл жағдай оның абыройына біраз күйе жаққан сыңайлы. Ол өзінің мұндай әрекетке ешқаншан бармайтынын айтып ақталды. «Бұл менің миыма кіріп шықпайды екен, мұндай алаяқтыққа барып, төмендікке бармас едім. Қызым әкесінің көзіне қарап сөйлей алмайтын қыз, ондай нәрсені жасамайды, тіпті қаланы дұрыс білмейді. Сондай адам құжат жасайды дейсің бе? Халық оған сеніп жатыр. Тергеу жүріп жатса, бір шешімі болар», - деді Тұрсынбек Қабатов. Ал, әлеуметтік желі қолданушыларының көбі мұны Тұрсынбектің кезекті қойылымы деп түсінуде. Яғни, өзін ақтап алудың әрекеті. Тіпті, видеода көрсетілген телефон номердің ешқандай Нұрбекке емес, Бауыржан деген азаматқа тиесілі екені ашықтан ашық жазылып жатыр. Көрген дұрыс арнасы Тұрсынбек төңірегіндегі тар әңгіме аясына аялдағысы жоқ ед. Алайда, Тұрсынбектің осындай жауабы шамға тиді. Әзілкеш жұбайы екеуі қызының орнына емтиханға өзге біреудің кіргенін тіпті білмеген көрінеді. Оның үстіне әдемі қызы емтихан басталар алдын соңғы секундтарына шейін өзі тапсырмайтынан бейхабар болған. Құдай - ау , Тұрсынбек шынымен халықты өтірікке күле беретін ақымақ көре ма? Әлде расымен сахна мен шынайы өмірді шатастырып алған ба?! Бәрін қойып оның ұятты әрекеттерін жақтап әнші - сәншілер жүгіре - сүріне өтірік болса да жақтауға кірісіп кетті. Менің сөзімді қуаттайтын Бекболат ағамның мынау бір пікіріне разы болып отырмын. Журналист Бекболат Қаржан өзінің өткір тілімен әншілерді турап түсірді; Біздегі әншілер мен сайқымазақтар расында шегіртке десе шегіртке ғой. Бұлардың сауатсыздығы көзге ұрып тұрады. Ізденбейді, қоғамның жан дүниесін ұқпайды. Қоғамның ақшасын қалтасына басып, жылтырап жүргені біздің тоғышар тобырларға өте қызық. Бұларда құндылық деген қалмапты. Инстада 100 мыңдаған адам Тұрсынбекті қолдап отыр. Кешегі тірлігі үшін Тұрсынбекті де ақтап алуда. Бұлардың саны да өте көп екен. Әсіресе, әншілер командасы Тұрсынбекті жабыла ақтап, кешегі өтірік қойылым жасаған репетиторды жауапқа тарту керек дегеніне мырс ете қалдым. Тоғышар тобырлар тұрғанда, қазақ еліне бақ қонбайтын сияқты. Мәселе билікте, Тұрсынбекте ғана емес, мәселе тоғышар тобырлардың аса көптігінде. Өздерің қандай болсаңдар, сендерді солай басқарады деген рас. Тек, елге шынайы жанашыр ұлтшыл азаматтарға қатты жаным ашиды. Қазақ қоғамының тоғышар тобырларының бәрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы емес, керісінше жанын беріп қолдайды. Сендер 30 елдің қатарына кіреміз деп жүрсіңдер. Шегіртке десе несіне ренжисіңдер, өтірік емес қой... деп аяқтады Бекболат ағам өз сөзін. Заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек те әзілкеш Тұрсынбек Қабат
Похожие видео
Показать еще