Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Талап ауылында жер дауы ушықты
Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Талап ауылында жер дауы ушықты. Талаптықтардың талабы біреу. Жерді қоршап алған кәсіпкер мал жайылымын тарылтқандықтан, басқа жаққа кетсін деп отыр. «Жер босатылсын! Малға өріс керек!» Жайылым жерлерінен айырылған ауылдағы ағайынның жан айқайы бұл. Елді мекендегі жер дауы былтырғы күзде басталған. Дәл осы уақытта жаңа қожайын жерді жыртып, қоршауға алған. 700 адамға жуық тұрғыны бар ауылдың белсенділері ендігі жерде бау-бақша бой көтереді деген орынға жиылып, кәсіпкердің бұл әрекетіне ашық наразылық танытты. Пиязгүл СПАБЕКОВА, ардагер ана: Бау- бақша егеміз деп мұнда қоршап тастады. Мына бетке өтсек, бір кәсіпкер еш жерге жайылдырмайды. Кішкене ауылымызды және қысып ойды. Ел болып бір кәсіпкерге қарап отыратын жағдайымыз жоқ. Сейілхан ТОЙБЕКОВ, ауыл тұрғыны: Мына шетінде қаншама бос жатқан жерлер бар. Бау егемін десе, сол жаққа ексін. Ал біздің жайылым жерге тимесін. Тек қана осы жерге ғана мал жая аламыз. Басқа жер жоқ. Е.ҚУАНДЫҚОВ, ТІЛШІ: Кәсіпті қолға алғандар жайылым жерді бекітіп тастаған. Соның салдарынан тұрғындар малды үйде ұстауға мәжбүр. Ал билік өкілдері аталмыш жер әкімдік шешімімен заңды берілген, сондықтан оны бұзуға негіз жоқ, ал өріске мал басқа жолмен барса да болады дейді. Мұхтар ҚАРАТАЕВ, ауыл әкімі: Оны жаңағы әкіматтың қаулысын бұзуға хақымыз жоқ. Ол жер мақсатты пайдалануға берілді ме, малды сай саламен де, өріс бағытын өзгертуге ешқандай қиыншылық жоқ. Өріс жетеді малға. Ал халықтың жайылым жеріне бау өсіргелі отырған шаруа қожалығының өкілдері халықтың наразылығын түсінбейді. Аудан әкімі қаулысы негізінде ауқымды жерді ұзақ мерзімге жалға алғандар, таңдаулы алма көшеттері әлі-ақ халыққа пайда әкеледі, дейді. Сондықтан ауыл тұрғындарына қосымша жұмыс орындары ашылатынын алға тартады. Бақытбек САПАРОВ, жеке кәсіпкер: Қазіргі күнде біз Талап ауылынан 107 гектар жер алып, оны реттеп, көктем науқаны кезінде егуге дайындық жасап жатқанбыз. Соған халықтың жұмыстарды түсінбеуіне байланысты, хабары жоқтығынан бізге кішкене кедергі боп жатыр. Боралдайға қарасты Талапты ауылы енді әділдікті құзырлы органдардан күтеді. Ата-бабадан қалған кең байтақ жайылым жерді бүкіл ауыл болып қорғап қалмаққа бекінген бұқара.
Похожие видео
Показать еще