ОҚО-да қауын-қарбыз пісті
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында жаз басталмай жатып, қауын-қарбыз пісті. Қазіргі таңда 350 гектар жерге ерте көктемде егілген көкөніс дақылдары пісіп жетіліп, егістік алқаптарында терім жұмыстары қыза түскен. Егіс алқаптарынан жиналған 60 тонна өнім бірден Ресей елінің нарығына жөнелтілді. Еліміздің өзге өңірлері мен шет елдерден келіп жатқан сауда орындарының өкілдері қауын-қарбызды егіс алқабының басынан өздері алып кетіп жатыр.
Похожие видео
Показать еще