Зорланып келген 7 жастағы баланың тағдырына әжесі алаңдаулы
Оңтүстік Қазақстан облысы Абай ауылының 62 жастағы тұрғыны Шарипа Батырбекова 7 жастағы өзінің жиен немересін қорлап келген мектеп оқушыларының заң алдында жауап беруін талап етіп отыр. Сөзінше, көршілес мектептің жоғары сынып оқушылары мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршінмен бірнеше ай бойына жыныстық қатынасқа түсіп, зорлап келген. Алайда мектеп ұстаздары да, күмән келтірген ата-аналар жағы да бұл барып тұрған жала, сондықтан шағым иесін сотқа береміз деп отыр.
Похожие видео
Показать еще