Аптасына 40 сағат істесе болғаны: 4 күндік жұмыс кестесіне кімдер көше алады? HD
Енді қызметкер бастығынан жұмыс кестесін өзгертуін өтіне алады. Келесі жылдан бастап күшіне енетін заңнамаға сәйкес, жұмыс аптасы біртіндеп бес күннен төрт күндік кестеге ауысады. Десе де, маман аптасына 40 сағат жұмыс істеуге міндетті. Жаңашылдықты әріптесім Айжан Шамшидин толығырақ тарқатады. Елді елең еткізген жаңалық іс жүзінде жүзеге асса, жұрт әдеттегідей 2 емес, аптасына үш күн демалып, өзіне, отбасына көңіл бөліп, жұмысбастылықтан арылады. Бұл өзгеріс әсіресе сағаттап кеңседен шықпай, жан күйзелісіне ұшыраған қызметкерлерге тиімді екен. Десе де, жаңа толықтыруларға сәйкес жұмыс күні қысқарғанымен, жұмыс сағаты азаймайды. Елімізде айына белгіленген 40 сағаттық норманы өтеу бәрібір міндетті болып қалады. Төлеген Оспанқұлов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Комитет төрағасы: – 4 күндік жұмыс аптасына келсек мәселе қарастырылуда. Бір айда төрт апта бар делік, сонда бірінші апта төрт күн, екінші аптада - бес, үшіншіде - алты және төртінші аптада - тағы да төрт күн болуы мүмкін. «Жазу кезеңі» деген бар, жалпы сағат саны осы мерзімнен аспауы керек. Ал қалған тармақтарды жұмыс беруші қызметкермен бірге шеше алады. Бастамаға қырын қараушылар мемлекеттің азын-аулақ айлығына қарап отырғандар. Өйткені олар тынығу көбейсе, еңбекақының көлемі азайып қала ма деп қорқады. Есесіне мемлекеттік қызметкерлерге бұл жаңалық майдай жақса, жеке кәсіпкерлердің басым бөлігіне әсер етпейтін көрінеді. Себебі, тапсырыс түскен бойда, орындап үйреніп қалған бизнес өкілдері апта күндеріне, тіпті тәулік уақытына қарамай жұмыс істейміз дейді. Нұрболат Елубаев, жиһаз цехының иесі: – Кішігірім цехым бар. Тапсырыс келеді. Соны орындаймыз. Барлығының бала-шағасы бар. 4 күн жұмыс күні қылып, 3 күн жұмыс күні қылса да Үкіметіміз бәрібір жұмыс істеді деп ойлаймын. Бесінші, алтыншы күні адамдар өздері сұранып жұмыс істейді. Неге десеңіз қазір қымбатшылық заман, барлығына ақша керек. Олар үш күн демалып жатады деп ойламаймын. Төрт күндік жұмыс күніне көшуді қамтыған заң 2023 жылы күшіне енеді. Міндеттеу жоқ. Әр мекеме өзі шешеді. Оған дейін кәсіпорындар мен мекемелер ойланып, бір ортақ шешімге келуі тиіс. Қайткенмен де, жұмыс беруші, қызметкерлерімен өзара бір мәмілеге келгені дұрыс. Ортақ келісімсіз жұмыс кестесі өзгермейді. Айжан Шамшидин, Дидар Елеуов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
Похожие видео
Показать еще