Алматыда қатаң тексеріс 10 күн бойы жалғасады HD
Алматыда өткен демалыс күні басталған қатаң тексеріс алдағы 10 күн бойы жалғасады. Полиция қызметкерлері мен кәсіпкерлік палатасының өкілдері екі күнде 210 нысанды тексеріп үлгерген. Рейд барысында, мүлдем жұмыс істеуіне тыйым салынған түнгі клуб-бар, бильярд пен караоке, сондай-ақ, құмар ойынханалардың жасырын жұмыс істеп келгендері анықталды. Ал түнгі сағат 11-ден кейін өз қызметін тоқтатулары тиіс кафе-ресторандар думанды кештерді таңды-таңғы ұрып өткізіп жүрген. Алматыда карантин талаптары 26 желтоқсаннан бастап қатаңдатылатындығын, тексерістің күшейетіндігін ескерткен бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысын елемеген тұрғындар осылай 21 мың теңгеден айыппұл арқалады. Ал коронавирус инфекциясын тарату қаупін тудыртқан 31 нысан иесінің әрқайсысына 277 мың 800 теңгеден айыппұл салынды. Оның тең жартысынан астамына мүлдем жұмыс істеуге тыйым жасалса, қалған тамақтану орындары түнгі 11-ден кейін жабылулары тиіс еді. Жалдамалы жұмысшылар басшылықтың айтқанына бағынып қана жүрміз дегенен басқа ешнәрсе дей алмады. Ал кейбір пысықай кәсіпкерлер, тексерістің келе қалғанын біліп, клиенттерді жылдам жасырмақшы да болған. Соңғы қаулыға сәйкес, тамақтану орындарының 30 пайыз аумағына ғана келушілерді кіргізуге рұқсат берілген. Яғни, бір клиент кемінде 4 шаршы метр жерге жайғаса алады. Бір столда 4 адамнан ары артық кісі отырмауы тиіс. Дәл осы ара қашықтық сауда үйлері мен базарларда, сондай-ақ, дүкендер мен дәріханаларда сақталуы қажет. Ал мейрам күндері үйге 10 адамнан артық қонақ шақыруға болмайды. Енді мереке күндері тексеріс тобының құрамына төтенше жағдай қызметкерлері де қосылмақ. Оларға есікті ішінен іліп алып, думанды кеш ұйымдастыратын нысандардың қақпасын бұзып кірулеріне рұқсат беріліп отыр. Әйгерім Ердәулет Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар
Похожие видео
Показать еще