Шетелден Қазақстанға аударылған қаржы қатаң қадағаланады HD
Шетелден Қазақстанға келіп жатқан әрбір тиын есептелетін болады. Бұл туралы заң жобасы жаппай декларациялау, яғни табысты жариялау бағдарламасы аясында іске аспақ. Ғани Өтепбайұлы, тележүргізуші -Тілшіміз Жұрағат Баман қазір бізбен тікелей қосылып тұр. Жұрағат, шетелдік есеп-шоттан аударылған қаржыны кімдер жариялауы керек? Оның ережелері қандай? Заңнаманың өзі алдағы 10-қазанда күшіне енеді деп естідік? Жұрағат Баман, тілші -Ия Ғани, ол күшіне енгеннен кейін шетелден қаржы алған кісі 10 күннен соң мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы сайтына кіріп, жеке парақшасын ашып, соған сырттан ақша алғаны туралы ақпарды тіркеуі керек. Салық органдарына бұндай мәлімет келіп түскеннен кейін, 45 күн ішінде азамат ақшаның қандай мақсатқа жұмсалғаны туралы тағы мәлімет беруі тиіс. Бастама неге көтеріліп жатқаны жайлы кірістер комитеті өкілі жауап берсін. Ержан Біржанов, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры -Шетелден келген ақша қайырымдылық қорына немесе басқа да бағыттарға деп көрсетіп, бірақ олар коммерциялық жағдайға кетіп жатыр. Сондықтан біз осы жерден салық мөлшерінен ұтылып жатырмыз. Бізге осы толық мәліметті алып, мониторинг жүргізу үшін, бұл коммерциялық жағдайға керек пе екен соны білу үшін қосымша мәліметтер алғалы жатырмыз. Ғани Өтепбайұлы, тележүргізуші -Жұрағат, мысалы менің ата-анам шетелде тұрады делік. Сонда олар маған ақша аударамын десе мемлекеттік кірістер комитетіне хабарлауы қажет пе? Жұрағат Баман, тілші -Жоқ Ғани, салық органдарын негізінен ірі ақша аударымдары қызықтырады. Кішігірім ақша сомасын алғандар немесе шетелдіктермен бизнес қарым-қатынас жүргізіп отырғандар алаңдамаса болады. Мысалы, отандық заңгер шетелдік азаматқа қызмет көрсетті делік, ал екіншісі өтемақысын шекара асып барып жолдаған болса, бұл жағдайда да есеп беруге мәжбүр. Ержан Біржанов, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры -Кәсіпкерлікпен айналысып жатқан адамдарға ешқандай әсер етпейді. Көбіне бұл үш түрді ғана қамтиды. Бұл ең біріншіден – құқықтық көмек, екіншіден – сараптама жасау, үшіншіден – мәліметті жинау, талқылау және тарату. Осы үш түрі бойынша заңнамада өзгеріс енгізілді. Ғани Өтепбайұлы, тележүргізуші -Шетелдіктердің қаржысы негізінен қай салаларға, қандай мақсаттарға көп жұмсалады? Сол тексеріле ме? Жұрағат Баман, тілші -Иә, Ғани. Мәселен, еліміздің кейбір ақпараттық басылымдары мен интернет ресурстарын шетелдіктер қаржыландырады. Ол саяси не болмаса діни сипаттағы журналдар мен газеттер болуы мүмкін. Онда мысалы дәстүрлі емес жыныстық қарым-қатынастар, не болмаса қазіргі белең алып бара жатқан салафизм, уахабизм секілді ағымдар уағыздалуы да мүмкін. Яғни осы қабылданған заң жобасы арқасында енді біз кімнің, қай елдің қандай идеология таратып отырғанын, әрі қай ақпараттық құралды қаржыландырып жатқанын тексере аламыз. Ержан Біржанов, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры -Шетелден келген қаражаттың қандай бағыттарда жұмсалғаны туралы толық ақпарат береді. Бұл а
Похожие видео
Показать еще