Штутгарттан - Шымкентке HD
Михаил және Роман Фитирер есімді ағайынды неміс саяхатшылары Қызылорда қаласына ат басын тіреді. Олар Германиядан мотоцикльмен шығып, Еуропа мемлекеттері арқылы Қазақстанға жеткендерін айтады. Қазақ, орыс, неміс, ағылшын, түрік және украин тілдерін меңгерген ағайынды жігіттер 9 күнде 5200 шақырым жолды жүріп өткен. Өздерінің туған жері - Оңтүстік Қазақстан облысына бара жатқан саяхатшылар кезекті еңбек демалысын Шымкентте өткізбек. Ата-анасы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстанға жер аударылған Фитирер отбасы 1990-жылдары туыстарымен бірге Германияға көшкен. Ағайынды екі жігіт бала кезден қазақша тіл сындырып, қазақтың салт-дәстүрін бойына сіңіріп өскендерін, Германиядағы өмірге үйрену әуелде қиынға соққанын айтады. Атажұртта жүріп балалық шағы өткен туған жерді сағыныпты. Қызылорда, 23 мамыр 2015 жыл. Originally published at - http://www.azattyq.org/media/video/kazakhstan_kyzylorda_german/27034906.html