Медицинадағы жаңашылдық: енді стоматолог, акушер гинекологқа жолдамасыз кіруге болады HD

14.02.2022
Енді тісіңіз ауырып шұғыл стоматологқа баруыңыз керек болса жалпы практика дәрігерінен жолдама алудың қажеті болмауы мүмкін. Сондай-ақ, тіркелген жері бойынша акушер-гинеколог пен психолог та жолдамасыз қабылдайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары қазір осындай бірнеше дәрігердің тікелей өзіне баратын бұйрықтың жобасын дайындап жатыр. Бұл жүйе енетін болса емханалардағы ұзын-сонар кезек жойыла ма? Айбар Төлжанұлының материалын көрейік. Емханаларда, әсіресе, мемлекеттік емханаларда ұзын-сонар кезек. Жауаптылардың айтатыны: тіркелген адам көп, дәрігерлер үлгермейді. Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент секілді ірі қалаларда ғана емес, өзге де өңірлерде осы проблема. Ал, бұл елордадағы нөмірі екінші емхана. Айлап кезегін күткені аздай, азаматтар жазылған уақытында дәрігерге кіре алмай жүр. Ауруы жанына батып, сағаттап кезек күткен көпшілік осылай бір-бірімен сөзге келіп қала береді. Ал, қабырғасын сындырып алған Әзімхан Қалымбетов алдын ала жазылғанымен травматологқа кіре алмай отырғанына 1 сағаттан асыпты. Бұған дейін де бірнеше рет сағаттап кезек күткен азамат таңертеңгілік уақытта бұл дәлізде тіпті отыратын орын болмайды дейді. ӘЗІМХАН ҚАЛЫМБЕТОВ, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны: – Бес сағат күткен уақытымыз да болған. Обедке дейін. Тоғыздан аса кезек алдық біз. Мен рентгеннен кейін. Рентгенге түстім алдымен. Сосын сағат он екідан аса бірде кірдік осында. Жауаптылар енді шұғыл жағдайда түрлі жарақат алған адамды дәрігердің қабылдауына тіркелген емханасы бойынша жолдамасыз жіберуді пысықтап жатыр. Дерматовенерологиялық науқас азаматтар мен онкологиялық және гематологиялық диагнозға күдік болғанда да дәрігерлер жолдамасыз қабылдайды. Сондай-ақ, азаматтар жастар денсаулық орталықтарына, бір жағдай шеңберінде бейінді маманға қайта қабылдауға, жылжымалы медициналық кешендерге де бірден бара алады. БАТЫРХАН САРЫМСАҚОВ, ҚР ДСМ амбулаториялық-емханалық және жедел жәрдем басқармасының басшысы: – Мысалы, егер Д есепте тұрған науқас үш айдан кейін терапевтің немесе кардиологтың қабылдауына баруы керек болса жолдама алып жүрмейді. Бірден сол қажетті дәрігеріне жазыла алады. Яғни, жаңа жүйе созылмалы аурумен есепте тұрған кісілерге де қатысты. Айта кетейік, жауаптылар қазір арнайы бұйрыққа тағы да өзге түзетулерді енгізу үшін электронды үкімет порталына қоғамның талқылауына қойған. Егер іске асып, министр бұйрық шығаратын болса азаматтардың медициналық қызмет алу мүмкіндігі одан сайын көбейе түспек. Айбар Төлжанұлы, Дидар Елеуов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #МӘМС #медициналық_сақтандыру #ем

Похожие видео

Показать еще