Кока-кола денсаулыққа зиян ба? Шешім бар, шындық осы жерде! HD
Кока кола зиян ба? Ас саляму алейкум достар. Мен кока коланы ішпеймін,ол зиян, одан ша қапталған шырын ішемін! - деген сөздерді осы уақытқа дейін дастархан басында неше рет естідіңіздер?! Қазіргі таңда кез-келген жиында дастарханда қапталған шырын мен газдалған сусындар қойылады. Адамдардың газдалған сусынды даттап, қапталған шырынды жақтағаны дұрыс деп санайсыздар ма?! Ия, олай болса сіздер қатты қателікке жол берген екенсіздер. Мұндай адамдарды догматизмге шалдыққан деп айтылады – олар, әлде бір затты тексермей жатып ақ , оған шешім шығарып қояды. Бұл сананы бұзады! Енді мен өз көзқарасымды айтайын, неге адамдар коланы зиянды сусын деп ойлап жүр? Таныстарыңыздар сұрап көрсеңіздер де болады. Жауабын комментарийге қалдырыңыздар, оны міндетті түрде оқитын боламын. Олардың жауабы көбіне : Құрамындағы қанттың шеттен тыс болуы Асқазанды ерітіп жібереді. Қақты ерітіп жібереді Семіздік ауруына алып келеді. Ия, бұл жауаптар интернетті жаулап алған. Ал егер, мен сіздерге мұның барлығы жалған десем сенесіздер ме?! Қапталған шырын мен коланы салыстырып көретін болсақ, коланың құрамындағы қант, қапталған шырынның құрамындағы қанттан бір грамм да аспайды. Яғни, тең. Оның үстіне, олардың құрамында бірдей дәрежеде калория бар. Ия, газдалған сусынды көп пайдалансаңыз да зияны жоқ емес, бірақ, оның зияндығы қапталған шырыннан аса қоймас. Коланың құрамындағы қант мөлшері күнделікті шәйға қосатын қанттан артық болмайды. Бірақ, қантты көп қоса бермеңіздер, жабысып қалуы мүмкін. Ары қарай кеттік. Әлемдік ғалымдардың айтуы бойынша, нақтысына келсек, Ресейлік ғалым Сергей Бельмер, газдалған сусындардың дәмін кіргізу үшін алма, лимон немесе ортофосфорлық қышқылдың қосылатынын айтып өтті. Мәселе осы жерде, біздің асқазандағы тұз қышқылы, жоғарыда аталып өткен қышқылдардан әлдеқайда күштірек, және де олар асқазанымызға ешқандай да зиянын келтіре алмайды. Әрине, бұл айтылған сөздер асқазаны ауыратындарға қатысы жоқ, бұл, денсаулығы дұрыс азаматтарға арналған теория. Кейбір ақылды азаматтарымыз ет стейкі коланың ішінде бірер күн тұрса, етті ерітіп жібереді дейді, Достар, бұл әңгімеге мүлдем сенуге болмайды, бұл нағыз жалған, сіздердің ақылдарыңыз бар ғой. Тіпті ет коланың ішінде бір апта тұрса да ешнәрсе өзгермейді. Ғаламторда мұндай эксперименттер жеткілікті. Тоқ етеріне келгенде, дені сау, толықтай жұмыс жасап тұрған асқазанға коланың еш зияны жоқ, және гастрит пен жара болуына да ешқандай қатысы жоқ. Ия, ғаламторда коланың темірдегі қақты кетіріп жатқанын да көріп жүрміз. Осы жерде айта кететін бір жәйт бар, негізінде, қақты лимон қышқылы да кетіре алады, және де, кез келген түрлі қышқыл қосылған сусындар арқылы қақты кетіруге болады. Сондықтан, мұндайды дұрыс санамасаңыз, лимон қосылған шәдан бас тартсаңыз болады. Ол да зиян! Осы уақытқа дейін түрлі эксперименттер жасалып, Кока коланың ешқандай да зияны жоқ екені дәлелденіп қойған. Әрине, тиісті мөлшерде қолдансаңыз. Сіз бір күнде 20 литр кола сусынын ішсеңіз әрине зиян, себебі, бұл мөлшер
Похожие видео
Показать еще