ӨМІР ЫЗҒАРЫ турецкий сериал туралы Сіз білмейтін бар шындық Sadakatsiz Неверный HD

15.02.2022
Өмір ызғары" , түрікше атауы "Садакатсыз" яғни қазақшаға " опасыз" деп аударылады.Аталмыш сериал BBC One ағылшындық «Доктор Фостер» драмалық сериалының ремейкі болып саналды, дәл осы сценарий бойынша сериалды алғаш рет түсірген британдықтар болды. Ал телехикаяның түрікше нұсқасының бірінші бөлімі 2020 жылдың 7 қазанында Kanal D телеарнасында көрерменге жол тартты. Сериал бірден көрерменнің ықыласына бөленіп, күздің ең танымал жобасына айналды. Осы сценарий бойынша екінші серияны ресейліктер шығарды, жоба «Скажи правду» деп аталды, басты кейіпкердің рөлін Виктория Исакова тамаша орындады. «Скажи правду» телехикаясы Ресейде үлкен жетістікке жетті, өйткені сюжеттің қарапайымдылығына қарамастан, сатқындық тақырыбы режиссерлер үшін ең жемісті саналады.Ағылшын, түрік, орысша нұсқасында да басты кейіпкердің төзімділігі таңданарлық . Сонымен бірге, кәрістердің түсірген орысша атауы " Мир женатой пары" , яғни "Ерлі зайыптылар әлемі" атты Дорама да британдық " Доктор Фостер" сериалының ремейкі.Тіпті кей ақпарат көздерінде, француздар, үндістер де түсірген деген дерек бар және барлық нұсқалардағы сюжет өте ұқсас болып келеді. «Садакатсыз» , яғни "Өмір ызғары" сериалының режиссері - Неслихан Ешилюрт. Сюжетте беделді клиникада жұмыс істейтін және бір мезгілде күйеуі мен ұлымен сабырлы да салмақты өмір салтын ұстанатын табысты дәрігер Әсияның қиын тағдыры туралы баяндалады. Измирде туып-өскен Әсия бала кезінде ата-анасынан күдік тудыратын жол апаты салдарынан айырылады. Ол Волканға дәрігерлік мансабын енді ғана бастаған кезінде ғашық болады. Әсия мансабын шетелде құруға болатын мүмкіндігі бар болатын.Алайда ол Волканның туған қаласы Текирдагқа орналасып, бақытты отбасын құрады. Тіпті достары да Волканның айналасындағылар. Өміріндегі жалғыздықтың кесірінен ол Волканға тиесілінің бәрін өздікіндей қабылдайды. Асия сырттай салқын, тәкаппар көрінгенімен, іштей мейірбан, сыпайы, асқан ұқыпты, ұлы мен жарына адал, отбасына адал жан. Оның өз ұстанымдары бар,ұсақ - түйекке аса қатты мән береді және ешқандай жағдайда өтірікке төзбейді. Волкан болса, тамаша күйеу және әке. Алайда Асия күйеуінің шарфынан ұзын сары шашты тапқан күні алғаш рет көңілінде күдік ұялай бастайды.Өз бетінше детектив рөліне еніп, идеалды деп санаған күйеуі оның көзіне шөп салып жатқанын біледі.Бұдан да сорақысы достары барлығынан хабардар, тек жалғыз Әсия ғана бұл сатқындықтан бейхабар.Осыдан кейін Асияның бүкіл әлемі күйрейді.Бақытты отбасылық ғұмыры жәй ғана елес болып шығады.Енді ол одан кек алғысы келеді .. Әсияның рөлін актриса Жансу Дере сомдайды.Ол бұған дейін (Сыла, «Үйге оралу», «Ғаламат дәуір») сериалдарына түскен. Волканның рөлін актер Джанер Джиндорук («Суық») сомдаған. Бар шындықты білгеннен кейін басты кейіпкердің өзін-өзі жою процесі басталады, өйткені оны қиын таңдауы күтіп тұрды.Күйеуінен мойындауды күте алмайтындықтан, оны өзінен аластату немесе үндемеу. Ол екінші жолды таңдайды.Бәрін білсе де, білмеген кейіп танытады және күйеуінің екі жы

Похожие видео

Показать еще