Алматыда сот шешімімен 300-ге жуық қызметкер табыс тауып отырған зауыт жабылды HD
Алматыда соттың шешімімен 300-ге жуық қызметкер табыс тауып отырған зауыт жабылды. Кәсіпорын маңындағы тұрғындар әкімдікке «көшемізді шаң басты, денсаулығымызға зиян келді» деп шағым түсірген. Ал жан бағып жүрген жалғыз жұмыстарынан айырылғысы жоқ қызметкерлер сот үкімі өзгертілсін деген талап қойып отыр. Бірнеше күннен бері НұрТау зауытының жұмысшыларында маза жоқ. Себебі басшылары сот шешіміне сәйкес зауыттың жабылатынын хабарлапты. Айтуларынша, кәсіпорын маңындағы тұрғындар әлеуметтік желілер арқылы жергілікті билікке шағым түсірген. Олар зауыттан шыққан зиянды қалдықтардың кесірінен адамдар ауырып, бау-бақшадағы өсімдік шаңға көміліп жатқанын айтып, арызданыпты. Ал күні кеше сот үкім шығарған. Енді кәсіпорын жабылса, жұмыссыз қаламыз ба деген 300-ге жуық қызметкер сот шешімі бұзылсын деп талап қойып отыр. ЕРЛАН ҚАЛМЕНОВ, зауыт жұмысшысы: – Үш-төрт көршінің шағымымен фирма жабылып қалса, біз не істейміз 250 адам? Жұмыссыз қаламыз ба? Бізге қандай көмек болады? Біз сұранамыз көмектесулерін. МАЙРА СЕЙСЕНҚЫЗЫ, зауыт жұмысшысы: – Бронхальная астма деп жатыр, иә? Өкпе ауруы болсын. Тіпті ковидпен ауырған бірде-бір адам болған емес. Бүгінгі күнге дейін. Мен кадр бөлімінде отырған соң соның бәрін білемін. ҚУАНЫШ ТЕЛЕБАЕВ, зауыт жұмысшысы: – Бізде итальянский құрылғы тұр. Шаңды сыртқа шығармайды. Соның бәрін. Сол бес жыл болды осы жерде жұмыс істеп жүргеніме. Әлі бір денсаулығыма зақым келген емес. Алматы қалалық экология департаментінің өкілдері, тұрғындар шағымынан кейін тиісті тексеру жұмыстары жүргізілді дейді. Сол кезде зауыт пен іргелес үйлер арасындағы заңмен бекітілген арақашықтық сақталмағаны анықталған. Яғни, қазір қоршау мен үй арасы 20-ақ метрді құрайды. Ал заң бойынша кемінде 300 метр болуы тиіс екен. Сондай-ақ, соңғы жылдары зауыттан бөлінетін зиянды қалдықтар да артқан. ДАНИЯР ӘЛІМСЕЙІТОВ, Алматы қаласы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары: - 2018-де 20,67 тонна. Рұқсат етілген шығарындылар көлемі. Шығарындылар көлемі көбейген. Алайда жаңағы санитарлық қорғау аймағы айқындалмаған. Біз соны айтып отырмыз. Данияр Әлімсейітов, зауытты сотқа берген жоқпыз деді. Айтуынша, кәсіпорын жұмысына ешқандай қарсылықтары жоқ. Тіпті жауапты тұлғаларға кәсіпорынды индустриалды аймаққа көшіру туралы да ұсыныс айтыпты. Ал 300-ге жуық қызметкері жұмыссыз қалуы мүмкін зауыт басшылығы алдағы күндері аппеляциялық сотқа шағым түсірмек. Нұрболат Жаңабекұлы, Дәулетбай Нұрмахан Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #еңбек_дауы #наразылық #cот
Похожие видео
Показать еще